| (AIX)    KZT 37200   %   0.66 USD 72.01   %   0

Қазатомөнеркәсіп уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту жөніндегі XII халықаралық конференцияны өткізді

15 мамыр
Қазатомөнеркәсіп уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту жөніндегі XII халықаралық конференцияны өткізді

Алматы қаласында Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұйымдастыруымен «Уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту» атты XII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараға әлемнің 34 елінен келген 1000-ға жуық жетекші ғалымдар, зерттеушілер, салалық компаниялардың өкілдері мен сарапшылар қатысты. Қатысушылар атом саласын дамытудың негізгі бағыттарын, соның ішінде уранды өндіру және қайта өңдеу технологияларын, геология және геотехнологияларды, сирек және сирекжер металдарының ресурстарын, солардың негізіндегі жоғары технологиялық өнімдерді, өндірістік процестерді цифрландыруды, роботтандыруды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен тұрақты даму мәселелерін талқылады.


«Бүгінде атом энергетикасы жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен климаттық мақсаттарға қол жеткізуде барған сайын маңызды рөл атқаруда. Осындай жағдайда ғылыми зерттеулер, технологиялық инновациялар және халықаралық ынтымақтастық ерекше маңызға ие болады. Конференция сарапшылар қауымдастығын біріктіруге, озық тәжірибелермен алмасуға және саланың тұрақты дамуына ықпал ететін шешімдерді талқылауға бірегей мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков.
Конференция аясында тақырыптық пікірталастар мен Қазақстан Республикасы Жас ғалымдар кеңесінің кадрлық әлеует пен жас мамандарды қолдау мәселелеріне арналған дөңгелек үстелі өтті. Сонымен қатар, компанияның ғылыми-техникалық қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазатомөнеркәсіп пен оның еншілес кәсіпорындарының қызметкерлерін марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, жыл сайынғы рационализаторлық жобалар байқауының жеңімпаздары жарияланды.


Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар уран және сирек металдар өнеркәсібінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, инновациялық шешімдерді енгізу және жаңа буын мамандарын даярлау қажеттігін атап өтті.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша
Данияр Оралов, PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2025 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20% мөлшерінде Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибелерге баса назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал топтың негізгі клиенттері – Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар - Азия, Еуропа және Америка мемлекеттері. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот-нарықта тікелей өзінің корпоративтік орталығынан сатады. Астана, Қазақстан, сондай-ақ Швейцариядағы TH Kazakatom AG (THK) еншілес сауда компаниясы арқылы.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру