| (AIX)    KZT 31060   %0      USD 72.99   %0     

iQanat High School of Burabay – 2024

IQanat High School of Burabay білім беру лагеріндегі жазғы демалыс жобасы балалардың отандық атом саласына деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алынған.

Жыл сайын атом холдингі қызметкерлерінің 100-ге жуық баласы IQanat High School of Burabay жазғы демалысына жіберіледі.

Жазғы лагерьге бару үшін 8-10 сынып оқушылары Қазақстан тарихы, математика, география және ағылшын тілі бойынша, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіптің қызметі туралы білімін бағалайтын конкурсқа қатысады. Арнайы ауылдық квотаны енгізудің арқасында компания әлеуметтік жобаның барлық қатысушылары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете алды.

Айта кетейік, жоба «Алтын Гефест» ұлттық байқауында «2024 жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша үшінші орынға ие болып, өзінің маңыздылығы мен болашақ ұрпаққа әсерін растады.

Пікір қалдыру