| (AIX)    KZT 31700   %   -1.18 USD 68.2   %   1.76

Көкжиекке жеткізер білім!

Оқушылар арасында оқу сауаттылығын және ғылымға қызығушылықты арттыру мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2024 – 2025 жылдары өзінің қатысатын өңірлеріндегі 155 мектеп үшін National Geographic Qazaqstan журналына жазылуды қаржыландырды.

Жобаның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік тілдегі сапалы және өзекті әлемдік контентке қол жеткізуді қамтамасыз ету, ғылыми ойлауды дамытуға және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету.

National Geographic Qazaqstan журналы ғылым, табиғат, экология, мәдениет және технологиялар саласындағы ең соңғы жетістіктер бойынша материалдар жариялайды. Қазақ тіліндегі қазіргі заманғы ғылыми-танымал әдебиетке қол жетімділігі шектеулі жағдайда мұндай жоба ерекше маңызға ие болады.

Бастаманы іске асыру «Оқитын мектеп» («Оқу мектебі») бағдарламасының мақсаттарын тікелей қолдайды, мектеп кітапханаларының қорларын өзекті басылымдармен толықтыруға ықпал етеді және оқушыларды да, оқытушыларды да қосымша оқу ресурстарымен қамтамасыз етеді.

Пікір қалдыру