| (AIX)    KZT 18175   %   0.97 USD 40   %   0.88

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2015 жылдағы өндірістік қызметінің қорытындысы туралы

18 қаңтар 2016
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2015 жылдағы  өндірістік қызметінің қорытындысы туралы

Қазақстан ірі табиғи уран өндіруші ретіндегі әлемдегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. 2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ холдингі құрамындағы кәсіпорындар 23 800 тонна уран (жылдық жоспардың 101%) өндірді, соның ішінде еншілес және бағынышты кәсіпорындардағы үлестерін қоса есептегенде ұлттық атом компаниясы өндірген уран көлемі 13 000 тоннаны (жылдық жоспардың 102%) құрады.

Есепті кезеңде «ҮМЗ» АҚ 141,251 тонна тантал өнімдерін, 96,944 тонна ниобий өнімдерін және 1 687,136 тонна бериллий өнімдерін өндірді.  

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Маңғыстау облысы және Ақтау қаласындағы тұтынушылар үшін 4 890 850 мың кВт*сағат электр энергиясын, 3 592 339 ГКал жылу энергиясын өндіріп, 1 214 511 мың текше метр су әзірлесе, соның 11 397 мың текше метрі ауыз су.

«Уран байыту орталығы» ЖАҚ 5 107 417 БЖБ (бөлу жұмысының бірлігі 1 кг уранды белгілі деңгейге дейін байытуға жұмсалатын электр энергиясының шығынын сипаттайды) көлемінде байытылған уран өнімін шығарды.

Пікір қалдыру