| (AIX)    USD 37.95   %0      KZT 18400   %0     

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгергені туралы

10 шiлде 2015
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгергені туралы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының сырттай отырысының қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы мен өкілеттілік мерзімі анықталып, Кеңес мүшелері және төрағасы сайланды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Жалғыз акционердің өкілі ретінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы: Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы – Жалғыз акционердің өкілі, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін басқару жөніндегі Бас директор; Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы – Жалғыз акционердің өкілі, «Тау-кен Самұрық» АҚ басқарма төрағасы; Арсланова Зарина Фуатовна – Тәуелсіз директор; Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің өкілетті мерзімі – бір жыл.

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

www.kazatomprom.kz

Пікір қалдыру