Қазатомөнеркәсіп өндірісті қысқартуды жалғастыратынын хабарлайды

4 желтоқсан 2017
Қазатомөнеркәсіп өндірісті қысқартуды жалғастыратынын хабарлайды

Табиғи уран өндірісіндегі әлемдік көшбасшы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (ары қарай «Қазатомөнеркәсіп» әрі еншілес ұйымдарымен бірге «Компания»), өзінің өндіріс деңгейін нарықтағы сұранысқа сәйкес келтіру мақсатында, жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша жоспарланған өндіріс ауқымын 20% қысқартатынын хабарлайды.

Жоспарлы қысқартулар 2018 жылдың қаңтар айынан бастап іске енгізіліп, үш жылға созылады. Нәтижесінде, жалпы алғанда, үш-жылдық мерзімде Қазақстандық уран өндірісі шамамен 11 мың тоннаға қысқармақ. 2018 жылы шамамен 4 мың тоннаға кем уран өндірілуі күтілуде, бұл көрсеткіш «UxC» (4 - ші тоқсан UMO есебі) 2018 жылға болжаған әлемдік уран өндірісі ауқымының 7,5 % құрайды.

Қазатомөнеркәсіп бұл шешімі жөнінде барлық негізгі сатып алушыларына хабарлап, аталған іс-шаралар өнім жеткізу келісімдеріне кері әсерін тигізбейтінін растады.   

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша: «Қазіргі нарықтағы жағдайға сәйкес, сондай-ақ табиғи уран нарығындағы өнім ұсынысының тұрақты артықшылығын ескере отырып, біз өндіріс ауқымын сұранысқа икемдеп қысқарту жөніндегі стратегиялық шешімді қабылдадық. Аталған іс-шаралар біздің уран өндірісінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша ұстанымымызды көрсетеді, себебі уран өндіру дүние жүзіндегі көмірқышқылынсыз, таза электр энергия өндірудің маңызды элементі болып табылады».     

Пікір қалдыру