| (AIX)    USD 38.82   %   0.6 KZT 18225   %   -0.03

Қазатомөнеркәсіп Дүниежүзілік ядролық қауымдастық (WNA) симпозиумына қатынасты

15 қыркүйек 2017
Қазатомөнеркәсіп Дүниежүзілік ядролық қауымдастық (WNA) симпозиумына қатынасты

Қазатомөнеркәсіп делегациясы ұлттық атом компаниясының Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов басшылығында Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың (World Nuclear Association - WNA) жыл сайын Лондонда өтетін Симпозиумына қатынасты.

Биылғы Симпозиум қатысушылары атом саласының алдағы 60 жылдағы даму перспективалары, энергетикалық саясат, радиациялық қауіпсіздік сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Шара аясында Қазатомөнеркәсіп басшысы Ғ. Пірматов атом саласындағы бірқатар ірі компаниялардың жетекшілерімен кездесіп, атом энергетикасын дамыту және ынтымақтастықтың үмітті бағыттары жөніндегі ауқымды мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, Симпозиум барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Бас коммерциялық директоры Риаз Ризви баяндама жасады.

Дәстүрге сай WNA Симпозиумы шеңберінде ұйымдастырылған мамандандырылған көрмеге саладағы жетекші компаниялар қатарында Қазатомөнеркәсіп те өз стендін ұсынды.

WNA Симпозиумы – ядролық энергетика тақырыбына арналған ірі форум. Шараға әлемнің 30 елінен келген атом өнеркәсібінің 700-ден астам басшылары мен сарапшылары қатысты.

Пікір қалдыру