| (AIX)    KZT 18000   %   -0.55 USD 39.65   %   -0.23

Қазатомөнеркәсіп «Westinghouse Electric» компаниясының акцияларын сатты

25 желтоқсан 2017
Қазатомөнеркәсіп «Westinghouse Electric» компаниясының акцияларын сатты

Пут опцион Шартына сәйкес «Toshiba» корпорациясы (әрі қарай – «Toshiba») «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-нан (әрі қарай – «Қазатомөнеркәсіп») «Westinghouse Electric» компаниясының (әрі қарай – «Westinghouse») 10% акциясын сатып алды.

Бүгін «Қазатомөнеркәсіпке» бұрын пайдаланылған пут опцион құқы бойынша «Westinghouse» акциялары үшін 522 млн доллар көлемінде ақы төленді.

Акцияларға иелік еткен кезеңдегі 103 млн доллар мөлшеріндегі дивидендтерді қоса есептегенде «Қазатомөнеркәсіп» салған қаржысын жалпы сомасы 625 млн доллар көлемінде қайтарып алды, бұл «Westinghouse» акцияларының бастапқы инвестициясынан 85 млн долларға көп.

Еске сала кетсек, «Қазатомөнеркәсіп» 2007 жылы «Westinghouse» акцияларын «Toshiba» корпорациясынан 540 млн долларға сатып алған еді. Пут опцион Шартына сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» өз акцияларын белгіленген бағамен 522 млн долларға «Toshiba» корпорациясына қайта сату құқына ие болатын.

2017 жылғы наурызда америкалық «Westinghouse» (жапондық «Toshiba» корпорациясының еншілес компаниясы) АҚШ-тың Банкроттық туралы кодексінің 11-бабына сәйкес банкроттық рәсімдерін бастау жөнінде сотқа өтініш берді.

Пікір қалдыру