| (AIX)    KZT 18195   %   -0.71 USD 39.87   %   1.14

Қазатомөнеркәсіп 2015 жылы өндіріс тиімділігін арттыру іс-шараларының шеңберінде 3 млрд астам теңге үнемдеді

1 маусым 2016
Қазатомөнеркәсіп 2015 жылы өндіріс тиімділігін арттыру іс-шараларының шеңберінде 3 млрд астам теңге үнемдеді

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өндіріс тиімділігін арттыру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде.  2015 жылы қуат үнемдеу, жабдықтарды жаңарту, жаңа технологияларды енгізу, технологиялық үдерістерді оңтайландыру бойынша қабылданған кешенді іс-шаралар нәтижесінде компания 3 млрд астам теңге үнемдеді.

Өндіріс тиімділігін арттыру және қуат үнемдеу мәселелері Қазатомөнеркәсіптің басым бағыттары болып табылады. Бұл компанияға шығаратын өнімдердің және көрсететін қызметтердің өзіндік құнын төмендету есебінен әлемдік уран өндіру нарығында бәсекелестікке төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Холдинг кәсіпорындары жаңартылатын энергия көздерін қолданып, қуат үнемдеу шараларын өткізіп, уран өндіру және өңдеу технологияларын жетілдіріп, химиялық реагенттердің және энергетикалық ресурстардың үлестік шығын нормаларын оңтайландыруда.

Қазіргі уақытта барлық кәсіпорындарда ISO-50001 халықаралық стандарттарына сәйкес энергоменеджмент жүйесі енгізілген. 2020 жылға дейін  қуат үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру бағдарламасы әзірленді.

Жалпы, қуат үнемдеу және өндіріс тиімділігін арттыру іс-шараларын жүзеге асыру барысында Қазатомөнеркәсіп 2016 жылдың қорытындысы бойынша 2,7 млрд теңгеден астам қаражат үнемдеуді жоспарлап отыр.

Пікір қалдыру