| (AIX)    USD 39.87   %0      KZT 18195   %0     

Баспасөз баяны Қазатомөнеркәсіп жапондық компаниялармен атом энергетикасы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті

28 қазан 2015
Баспасөз баяны Қазатомөнеркәсіп жапондық компаниялармен атом энергетикасы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті

Бүгін Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев, «The Japan Atomic Power Company» президенті Мураматсу Мамора және «Marubeni Utility Services, Ltd.» президенті Китазава Коичи өзара түсіністік туралы үш жақты меморандумға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, тараптар кеңес беру, жұртшылықпен өзара іс-қимыл тәжірибесін алмасу, техникалық семинарлар мен қауіпсіздік мәселелері бойынша сарапшылар кездесулерін ұйымдастыру, сондай-ақ атом саласы мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыруды қамтитын атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Пікір қалдыру