Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иорданияға ресми сапары барысында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ және Jordan Uranium Mining Company (JUMCO) мемлекеттік уран өндіруші компаниясы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«JUMCO-мен әріптестік орнату халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және ресурстық базаны ұлғайту және тиімді пайдалану жөніндегі стратегиялық мақсаттарымызға сәйкес Қазақстанның әлемдік уран саласындағы ұстанымын нығайтады. Бұдан бөлек, Қазақстаннан тыс жердегі жобаларды әлеуетті зерделеу – бұл әлемдік тәжірибені үйрену мен екі елдің тұрақты дамуына үлес қосудың бірегей мүмкіндігі», - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Құжат Иордания аумағында уранды барлау және өндіру жөніндегі жобаларды бірлесіп зерделеуге бағытталған, соның нәтижесінде тараптар оларды одан әрі дамытудың орындылығын қарастыратын болады. Осы жұмыс шеңберінде кен орындарының геологиялық сипаттамаларын нақтылау және үймелі шаймалау технологияларын қолдануды ескере отырып қорларды бағалау жоспарлануда. Жобаның экологиялық тұрақтылығы мен экономикалық тиімділігі мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады, бұл оны одан әрі іске асыру туралы салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
«Бұл меморандум Иорданияда бірлескен уран өндіру жобаларын дамытуға бағытталған және JUMCO-ға Қазатомөнеркәсіппен ынтымақтастықта уранның коммерциялық өндірісіне шығуды жеделдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы – Қазатомөнеркәсіппен білім алмасу, тәжірибе үйрену және маркетингтік стратегияларды бірлесіп пайдалану үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді JUMCO бас директоры Мұхаммед әл-Шаннаг.
Бірлескен жобаларды жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды дамыту және жергілікті мердігерлерді тартуды қоса алғанда Иордания үшін атом өнеркәсібін дамыту перспективаларын ашады. Уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы ретінде Қазақстан үшін жаңа әлеуетті нарыққа шығу жаһандық қатысуды кеңейтуде, стратегиялық ұстанымдарды және Иорданиямен екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуда маңызды қадам бола алады.
Компаниялар қауіпсіздік, тиімділік және экологиялық жауапкершілік принциптеріне негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бағыт ұстанған. Тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды енгізу және салалық стандарттарды жақсарту бойынша бірлесіп жұмыс істеу екі елдің уран саласын дамыту үшін берік және тұрақты негіз қалайды.
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша
Данияр Оралов, PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80 / 69
Email: ir@kazatomprom.kz
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – 2023 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 20%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын/учаскені игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасы мен Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.
Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда
JUMO компаниясы туралы
Jordan Uranium Mining Company (бұдан әрі - JUMCO) – 2013 жылы Иордания үкіметінің қолдауымен елдің уран ресурстарын басқару және дамыту үшін құрылған мемлекеттік компания. JUMCO-ның негізгі мақсаты – Иорданияның энергетикалық қажеттіліктерін және уранның ықтимал экспортын қанағаттандыру үшін уран ресурстарын барлау, игеру және өндіру.
Болашаққа қатысты мәлімдемелер
Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.
Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді, болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.