Қазатомөнеркәсіп 2022 жылға арналған өндірістік жоспарлары туралы хабарлайды

19 тамыз
Қазатомөнеркәсіп 2022 жылға арналған өндірістік жоспарлары туралы  хабарлайды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») жер қойнауын пайдалану келісімшарттары шеңберінде 2022 жылға жоспарланған уран өндірісін 20% - ға қысқартуды жалғастыру ниеті туралы мәлімдейді. Компания 2021 жылы уран өндіруді жер қойнауын пайдалану келісімшарттары шеңберінде жоспарланған көлемнен 20% - ға төмен мөлшерде сақтап қалады. Сонымен қатар, 2020 жылы COVID-19-ға қарсы қабылданған шаралардың нәтижесінде азайған өндіріс көлемін қалпына келтіру үшін 2021 жылы уран өндірісі ұлғайтылмайды. Қазіргі уақытта Компания Қазақстанның барлық уран кеніштеріне осы жоспардың әсерін бағалау және іске асырылуы бойынша бірлескен кәсіпорындардағы серіктестермен жұмыстар бастауда.

«Өндірісті өткен жылдар деңгейінде ұстап тұру ниеті туралы шешім әлемдік уран нарығы ұзақ мерзімді артық ұсыныстан кейін әлі де болса қалпына келмегенін көрсетеді, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. – Біз саладағы өзіндік құны ең төмен кеніштерімізде өндіріс қарқынын толық қайта қалпына келтіру үшін нарық тарапынан тиісті сұраныс пен қолдауды көріп отырған жоқпыз.

COVID-19 пандемиясына  байланысты нарықта айтарлықтай белгісіздік бар. Бірақ 2020 жылғы болжамды ұсыныс тапшылығына қарамастан, уран бағасы мен ұзақ мерзімді нарықтағы келісімшарттардың көлемі 2019 жылға қарағанда жоғары болғанымен, әлі де болса тұрақсыз. Сондықтан, нарыққа бағытталған стратегиямызға сәйкес, біздің 2018 жылдан бері сақтап келе жатқан жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының көрсеткіштерінен өндіріс көлемін  20%-ға төмендетуді ескере отырып, сәйкесінше шығындар мен тау-кен дайындық жұмыстарын одан әрі жалғастыруға ниеттіміз. Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау біздің басты басымдығымыз болып қала беретіндіктен, COVID-19-ға байланысты өндірісте одан әрі кідірістердің пайда болу мүмкіндігін де жоққа шығара алмаймыз».

Өткен жылдардағыдай, Компания өзінің жоспарлары туралы алдын-ала қаржы жылының соңына дейін хабарлап отыр. Бұл уран өндіруші еншілес және бірлескен кәсіпорындар өздерінің 2021 жылғы бюджеттерінде 2022 жылға арналған қайта қаралған өндіру көлемін ескере отырып, күрделі шығындар бөлігінде қажетті өзгерістерді енгізуі үшін керек. 2022 жылдан кейінгі өндіру көлеміне қатысты шешім қабылданған жоқ, Компания нарықтағы жағдайдың дамуын бақылауды әрі қарай жалғастырады. Бұл ретте нарық қалыпты тұрақтанып, сұраныс үлкен көлемдегі уранға қажеттілікті көрсеткенге дейін өндірудің толық көлеміне (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде) қайта оралу күтілмейді.

Бұл шешімді іске асыру 2022 жылы уранның әлемдік болжамды өндіріс көлемінен 5 500 тоннаға дейін кем өндіруге алып келеді, алайда Қазақстандағы уран өндіруді 2021 жылға белгіленген деңгейде сақтайды. Өз кезегінде Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемі 2022 жылы шамамен 22 000 - 22 500 тонна уран деңгейінде (100% негізде) болады, бұл бұрынғы есептерде көрсетілгендей (Құзыретті тұлғаның есебі, 2018 жылғы 31 қазандағы IPO проспектісі), 27 500 - 28 000 тонна уранды құрайтын жоспарлы деңгейден 20% - ға аз. Компания қоршаған ортаны қорғау, өндірістік қауіпсіздік пен корпоративтік басқаруды (ESG) сақтап, сондай-ақ нарыққа бағдарланған стратегиясын іске асыра отырып, Қазатомөнеркәсіптің шоғырландырылған өндіріс көлемі 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде оның алдыңғы өндіру жоспарларымен салыстырғанда жалпы 20 мың тоннадан астам уранға (100% негізде) қысқарады деп болжайды.

 

2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық көрсеткіштер (2020 жылғы 27 тамыз) – конференц-қоңырауы өткізілетінін еске салу

Қазатомөнеркәсіп 2020 жылғы 1-жартыжылдықтағы операциялық және қаржылық нәтижелер жарияланған соң оларды талқылау үшін 2020 жылғы 27 тамызда конференц-қоңырау (ағылшын тілінде) өткізуді жоспарлады. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де / Гринвич бойынша 12:00-де / Солтүстік Американың шығыс уақыты бойынша 07:00-де. Компания басшылығының баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын тілінде «Сұрақ-жауап» сессиясы өтеді. Мүдделі тараптарды келесі телефон нөмірлері бойынша конференц-қоңырауға қосылуға шақырамыз.

  • Қазақстан (тек тыңдау режимінде) : +7 (8) 717 245 88 12, сұрау кезінде 3715# құпия сөзін енгізіңіз

  • Біріккен Королдік (тегін): +44 (0) 80 0028 8438

  • Біріккен Королдік (жергілікті): + 44 (0) 20 3107 0289  
  • Америка Құрама Штаттары: +1 (918) 922-6506
  • Ресей Федерациясы(тегін):  +7 (833) 922-1411

Қоңырауға қосылу және ағылшын тіліндегі «Сұрақ-жауап» сессиясына тікелей қатысу үшін конференция нөмірін 2950189 енгізіңіз.

Конференц-қоңыраудың тікелей трансляциясы (вебкаст) www.kazatomprom.kz интернет-ресурсындағы сілтеме бойынша конференц-қоңырау күні қолжетімді болады. Сондай-ақ, қатысушылар конференц-қоңырау кезінде веб-трансляция сұрақтары функциясын қолдана отырып, өз сұрақтарын қоя алады.

Конференц-қоңыраудың жазып алынған нұсқасы (вебкаст) мен орыс тіліндегі транскрипті де ол өткізілгеннен кейін көп ұзамай www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласыңыздар:

 

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR ж PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

 

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, IR ж PR департаменті директорының орынбасары

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. Компания 2019 жылы табиғи уран өндірісі бойынша әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24%-ын құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынға ие. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындар жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін пайдаланады және денсаулық сақтауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға басымдық беріледі.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

 

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

 

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

 

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ  ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ  ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

 

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру