| (AIX)    USD 28.58   %0      KZT 13350   %0     

Қазатомөнеркәсіп Басқарма төрағасының тағайындалуы және Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды

14 қыркүйек
Қазатомөнеркәсіп Басқарма төрағасының тағайындалуы және Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің шешімімен Мұқанов Ержан Жанәбілұлы Қомпания Басқарма Төрағасы болып тағайындалғаны туралы хабарлайды. Мұқанов мырзаның 2022 жылдың шілде айынан бастап Басқарма Төраға міндетін атқаруы және наурыздан бастап Компанияның Өндіріс жөніндегі бас директоры қызметіндегі рөлін қоса алғанда атом өнеркәсібіндегі мол тәжірибесі, жаңа лауазымда айтарлықтай үлесін қосады. Мұқанов мырзаның Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Металлургия және байыту институтында арнайы байыту әдістері және гидрометаллургия зертханасының инженері қызметінен бастап, атом өнеркәсібінде түрлі лауазымдарында 23 жылдан астам тәжірибесі бар. Мұқанов мырзаның Қазатомөнеркәсіп жүйесіндегі қызметі 2006 жылдан бері, «КАТКО» БК» ЖШС инженер-технолог лауазымынан басталып, AREVA Mines өндірісін дамыту үйлестірушісі ретінде, және де «КАТКО» БК» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС, «Қаратау» ЖШС және «Семізбай-U» ЖШС сияқты Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарында түрлі басшылық қызметтерді атқарумен жалғасты.

«Директорлар кеңесінің атынан Мұқанов мырзаны Қомпанияның Басқарма төрағасы ретінде қарсы алуға қуаныштымыз», – деді Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфеллоу. – Мұқанов мырзаның тағайындалуы Қазатомөнеркәсіптің IPO-дан кейін әзірленген Қомпанияның сабақтастық жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда және Компанияның басшы лауазымдарына жоғары білікті мамандарды тағайындауды қамтамасыз етуді жалғастырады. Мұқанов мырзада Компанияны табысты басқару және барлық мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді нарықтық құндылық құруға бағытталған Қазатомөнеркәсіптің даму стратегиясын жүзеге асыру үшін барлық қажетті қасиеттері бар».

«Қазатомөнеркәсіп командасын басқару мүмкіндігі мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Мен Директорлар кеңесіне сенім білдіргені және Компанияны басқаруға мүмкіндігі үшін алғысымды білдіргім келеді», - деді Мұқанов мырза. – Мен Қазатомөнеркәсіптің халықаралық ядролық отын нарығындағы көшбасшылық позициясын одан әрі нығайту мақсатында Компания Басқармасының төрағасы болғаныма қуаныштымын. Компаниямыздың стратегиялық мақсаттарына сәйкес, біз тиімді корпоративтік басқаруды, еңбекті қорғау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары стандарттарды, әлеуметтік жауапкершілік пен ашықтықты Компанияның әр деңгейінде, нарыққа негізделген стратегияны сақтай отырып, жоғары өнімділікті қамтамасыз ету бойынша негізгі бағыттарын нығайтуды жалғастырамыз. Уран нарығындағы өсіп келе жатқан оң серпіні мен Компаниямыздың  әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші мәртебесін ескере отырып, өнеркәсібімізде жұмыс істеудің ерекше қызықты уақыты көз алдымызда».

Мұқанов мырзаның Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалуына байланысты Компания, Директорлар кеңесінің қолдауымен, Өндіріс жөніндегі бас директоры лауазымына лайықты үміткерлерді іріктеу үдерісін бастады.

Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіптің басшылығы:

  • Ержан Мұқанов, Басқарма төрағасы;
  • Камила Сыздықова, Экономика және қаржы жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі;
  • Асқар Батырбаев, Коммерция жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі;
  • Әлібек Алдоңғаров, HR және цифрландыру жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі;
  • Досболат Сарымсақов, ЯОЦ жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі;
  • Қазбек Шаймердинов, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор.

Басқарма мүшелерінің толық өмірбаяны Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді: www.kazatomprom.kz.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 17/12 құрылыс, осы арқылы «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы  № 415-II Қазақстан Республикасы Заңының  (бұдан әрі –  «Акционерлік қоғамдар туралы» заң) 35-41, 43-47, 49-52-баптарына сәйкес сырттай нысанда өз акционерлеріне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі –  «Жиналыс») өткізетіні туралы хабарлайды. Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы Компанияның 194 517 456 жай акцияларын иеленетін «Самұрық-Қазына» АҚ ірі акционері болып табылады («Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 14 шілдедегі № 38/22 шешімі, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 49/22 шешімі).

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі

  1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.

Шәріпов Мәжит Бейсембайұлының «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасының төрағасы ретінде  өкілеттіктерінің тоқтатылуына және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы етіп Мұқанов Ержан Жанәбілұлын тағайындауға байланысты Акционерлердің жалпы жиналысының қарауына М.Б. Шәріповтің оның өтінішіне сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы және Е.Ж. Мұқановты жалпы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттіктер мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі етіп сайлау туралы мәселе шығарылады.

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді берудің басталу күні - 2022 жылғы 24 қазан.

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні - 2022 жылғы 31 қазан, сағат 18.00 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні - 2022 жылғы 1 қараша, сағат 18.00 минутқа дейін (Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша).

Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні мен уақыты – 2022 жылғы 30 қыркүйекте сағат 00.00 минут (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).

Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін Қазақстан Республикасы, Z05t1x3, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі,  17/12 құрылыс, 18-қабат, 11-кабинет - жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ғимаратында компания Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін 10 күннен кешіктірілмей дайын және қолжетімді болады. Компания акционерінің сұрауы болған кезде Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрау салу алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы акционерге жіберілетін болады, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындау және оларды жеткізу шығыстарын акционер көтереді. Акционерлердің сұраныстары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Компанияның нақты мекенжайы бойынша қабылданады.

Алдағы жиналыс туралы хабарлама, сондай-ақ сырттай дауыс беруге арналған бюллетень Компанияның интернет-ресурсында «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және Компанияның Жарғысына сәйкес қолжетімді болады.

Осы арқылы акционерлерге жиналысты өткізудің мынадай тәртібімен танысуды ұсынамыз.

  • Сырттай дауыс беру үшін бюллетень жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер тегін, атын, әкесінің атын / заңды тұлғаның атауын, дауыс беретін акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс.
  • Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға - акционер (жеке тұлға - акционердің өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлігінің/паспортының нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)) көрсете отырып, қол қоюға тиіс. Сондай-ақ акционер жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуы тиіс.
  • Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (заңды тұлға  – акционердің өкілі) қол қоюға тиіс.
  • Жеке тұлға – акционердің не заңды тұлға - акционер басшысының немесе жеке тұлға – акционер өкілінің не заңды тұлға – акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
  • Бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының тек біреуі белгіленуі тиіс.
  • Сырттай дауыс беруге арналған бюллетені пошта арқылы жіберілуі немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы,  Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Сығанақ к-сі, 17/12  уй - 2022 жылғы 31 қазандағы сағат 18.00 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кеңсесіне қолма-қол берілуі тиіс.
  • Акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
  • Дауыстарды санау кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасын белгілеген мәселелер бойынша дауыстар ескеріледі.
  • Егер барлық бюллетеньді ұсыну күні не бюллетеньдерді ұсыну мерзімі аяқталған күні оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, акционерлер тізіміне енгізілген, Компанияның дауыс беретiн акцияларының жинақтап алғанда елу және одан да көп процентiн иеленген акционерлер (акционерлердің өкілдері) тiркелсе,  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы күн тәртiбiндегi мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің тізімі  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акциялары ұстаушылары тізілімі жүйесінің деректері негізінде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ жасалады.
  • Егер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға Компанияның өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерінің «Акционерлік қоғамдар туралы»  Заңда және (немесе) Компанияның Жарғысында көзделген тәртіппен Компанияны басқаруға қатысуға құқығы бар.
  • Жаһандық депозитарлық қолхаттар ұстаушыларының «Центральный депозитарий ценных бумаг» АҚ-тағы бенефициарлық иелеріне қатысты қолданылатын қазақстандық заңнамаға сәйкес талап етілетін және сәйкестендірілетін Депозитарийлер (Citibank N.A.) арқылы басқа ақпаратты ұсынған жағдайда депозиттелген акцияларға қатысты бенефициарлық иелерінің атынан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналыстарында дауыс беру құқығы бар.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының мәселелері бойынша

Айдар Айшабеков, Корпоративтік хатшы қызметінің бас менеджері

Тел: +7 7172 45 83 33 (вн. 10135)

Email: aaishabekov@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің халықаралық кеңесшісі

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады

Толық ақпарат біздің сайтымызда: www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру