| (AIX)    KZT 18000   %   -0.55 USD 39.65   %   -0.23

Қазатомөнеркәсіп басшысы Қазақстанның оңтүстігіндегі уран өндіруші кәсіпорындарға барды

14 сәуiр 2023
Қазатомөнеркәсіп басшысы Қазақстанның оңтүстігіндегі уран өндіруші кәсіпорындарға барды

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов жұмыс сапарымен компанияның негізгі өндірістік объектілері орналасқан Түркістан облысына барды.

Атом холдингінің басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды және Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековпен кездесулер өткізіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания және атом саласының көшбасшысы ретінде Қазатомөнеркәсіп өзі қатысатын өңірлердің қоғамдық дамуындағы рөлін және қоршаған ортаға, халыққа және тіршілік әрекетіне әлеуетті әсерін терең түсінеді. Компания ірі жұмыс беруші және салық төлеуші ретінде өзінің барлық міндеттемелерін орындап, медицина, білім, мәдениет және спорт саласындағы маңызды жобаларды қаржыландыру арқылы Созақ ауданы мен Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысады.

Сапар барысында Ержан Мұқанов «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Аппақ» ЖШС сияқты уран өндіруші кәсіпорындардың өндірістік объектілерін, кеніштері мен вахталық кенттерін аралап, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысымен, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты.

Пікір қалдыру