| (AIX)    USD 40.2   %   -1.69 KZT 21045   %   -1.34

Қазатомөнеркәсіп жапондық технологияларды қолданып, энергетика объектілерінде өндірістік қауіпсіздікті автоматтандырады

12 қаңтар
Қазатомөнеркәсіп жапондық технологияларды қолданып, энергетика объектілерінде өндірістік қауіпсіздікті автоматтандырады

2024 жылғы 12 қаңтарда «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ және Furukawa Electric Power Systems Co. (FEPS) мен Sumitomo Corporation Power & Mobility Co. өндірістік объектілердегі электр жеткізетін әуе желілерінде қардың жиналуы мен мұздың қатуын автоматтандырылған түрде болдырмауға мүмкіндік беретін жабдықтарды/технологияларды сынақтық іске қосу жөніндегі пилоттық жобаны енгізу бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Furukawa Electric Power Systems Co. пилоттық жоба ретінде Түркістан облысындағы «Уранэнерго» ЖШС-тің жоғары вольтты желісінде жабдықтардың тәжірибелік үлгілерін орнату мүмкіндігін қарастыруда.

Жаңа жабдық мұздың қатуын болдырмай, электрдің ажырату қаупін барынша азайта отырып, әуе электр желілеріндегі мұзды-аязды шөгінділердің пайда болуының алдын алуды қамтамасыз етеді.

«Уранэнерго» ЖШС – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес ұйымы, ол электр энергиясын беру мен таратуды, оңтүстік өңірлердегі барлық уран өндіруші кәсіпорындардың электр желілері мен қосалқы станцияларын пайдалануды жүзеге асырады, сондай-ақ Таукент және Қыземшек кенттерін электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

2023 жылғы 23 қарашада «Уранэнерго» ЖШС-нің Sumitomo Corporation Power & Mobility Co. және Furukawa Electric Power Systems Co. компанияларының өкілдерімен кездесуі шеңберінде әлеуетті ынтымақтастықтың егжей-тегжейі, сондай-ақ жапон технологиясы бойынша электр желілерін мұздан қорғайтын пилоттық жобаны іске қосу шарттары талқыланған болатын.

2025 жылға дейін жалғасатын жаңа жабдықты тестілеу нәтижелері бойынша атом холдингінің энергетиктері технологияны нақты жағдайда бағалайды. Қазатомөнеркәсіп пилоттық жоба сәтті іске асырылған жағдайда объектілерді энергиямен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында технологияны/жабдықты одан әрі өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді қарастыруды жоспарлап отыр.

Электрмен қамтамасыз етудің үздіксіздігі атом холдингінің өндірістік және басқа да объектілерін жабдықтау үшін өте маңызды. Қыс мезгіліндегі жоғары ылғалдылық, жел, ауа температурасының күрт өзгеруі сымдарда, тіректерде және аспалы ауа желілерінің басқа да элементтерінде мұз бен дымқыл қардың пайда болуына ықпал етеді. Қырау мен мұз қатуы электр желілерінің қалыпты жұмысына қауіп төндіріп, көбінесе тіректердің зақымдалуына және электр желілерінің сымдарының үзілуіне әкеледі. Электр желілеріндегі апаттар айтарлықтай экономикалық зиян келтіруі мүмкін, тұтынушыларды энергиямен жабдықтау жүйесін парализдейді және электр желісін қалпына келтіру үшін көп күш жұмсауды қажет етеді.

Бұған дейін «Уранэнерго» ЖШС ВЛ-110кВ Л-111 және Л-112-де МЕТЕОР АИСКГН көктайғақ жүктемелерінің мониторингі жүйесін енгізген болатын, бұл уран өндіруші кәсіпорындардың электр энергиясын апаттық ажырату мүмкіндігі туралы көктайғаққа қауіпті жағдайының ерте алдын алуды, көктайғақ-мұздақтың пайда болуы мен көбеюін анықтауды, метеожағдайларды ескере отырып, электр желілеріндегі көктайғақ-жел жағдайының дамуын болжауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, сондай-ақ кен өндіру кәсіпорындарының жүктемелерін резервтік схемаға толық ауыстыруға кететін уақытты алты сағаттан бір сағатқа дейін қысқартты.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру