| (AIX)    USD 37.15   %0      KZT 18795   %0     

Қазатомөнеркәсіп өзінің жетістіктерін физикалық ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда таныстырды

24 мамыр 2024
Қазатомөнеркәсіп өзінің жетістіктерін физикалық ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда таныстырды

20-24 мамыр аралығында Венада (Австрия) физикалық ядролық қауіпсіздік ICONS-2024 халықаралық конференциясы өтті. Іс-шараны Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) ұйымдастырып, Қазақстан мен Австралияның төрағалығымен өткізілді.

ICONS сыртқы саяси және бейіндік ведомстволардың басшыларын, сондай-ақ АЭХА-ға мүше 178 мемлекеттен 2000-нан астам ғалымдар мен физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы сарапшыларды жинайтын негізгі алаңдардың бірі болып табылады. Қатысушылар бүкіл әлемдегі физикалық ядролық қауіпсіздіктің болашағын талқылап, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін идеялар мен озық тәжірибелермен алмасуда.

ICONS-2024-те Қазатомөнеркәсіп еліміздің атом саласының жетістіктерін, әлемдік уран нарығындағы атом холдингінің рөлі, ядролық қаруды таратпау режиміне бейілділігі және АЭХА-мен ынтымақтастық туралы ақпаратты ұсынды.

Қазақстан АЭХА-ға мүшелігінің 30 жылдығына орай ICONS-2024 тең төрағасы болуының символдық мәні бар. Қазақстан уран өндірісінде әлемдік көшбасшы болып танылды және ядролық объектілерде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде бай тәжірибеге ие. «Үлбі металлургия зауыты» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны) аумағында бірегей объект – АЭХА Төмен байытылған уран банкі орналасқан.

Конференцияға Қазақстаннан ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК және «ҚР Энергетика министрлігінің ядролық физика институты» РМК өкілдері қатысты.

ICONS қорытындысы бойынша атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды одан әрі ілгерілету, ядролық объектілерде физикалық қауіпсіздікті күшейту, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде тәжірибе мен біліммен тиімді алмасуды қамтамасыз ету үшін маңызды шешімдер қабылданатын болады.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80/69

Email: ir@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесін  www.kazatomprom.kz алуға болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы жалпы әлемдік бастапқы уран өндірісінің шамамен 20%-ын құрайтын Компанияның меншік үлесіне сәйкес табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топтың өнеркәсіптегі ең ірі уран қоры базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірлесе отырып, 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасында орналасқан және денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибелер мен бақылауларға ерекше назар аудара отырып, уран өндіру үшін жерасты шаймалау технологиясын пайдаланады (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған).

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Астана халықаралық биржасында және Қазақстан қор биржасында тіркелген. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі тұтынушылары – ядролық генерациялау объектілерінің операторлары, ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей өзінің Астана қаласындағы (Қазақстан) корпоративтік орталығынан және Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: https://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде, бұның алдында, бұлардан кейін немесе «мақсат», «санаймыз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «әбден мүмкін» сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру