| (AIX)    USD 40.2   %   -1.69 KZT 21045   %   -1.34

Қазатомөнеркәсіп «УБО» АҚ-дағы иелену үлесін сату ниеті туралы хабарлайды

31 қаңтар 2020
Қазатомөнеркәсіп «УБО» АҚ-дағы иелену үлесін сату ниеті туралы хабарлайды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») «Уран байыту орталығы» АҚ («УБО») өзіне тиесілі 50% үлесті (- 1 (бір) акция) осы бірлескен кәсіпорын бойынша өз серіктесі – «ТВЭЛ» АҚ-на («ТВЭЛ») 6, 253 млрд рубльге (шамамен $100 млн АҚШ доллары) сату ниеті туралы хабарлайды. Компания иеленетін УБО акцияларының құны ірі халықаралық консалтингтік компания орындаған тәуелсіз және әділ нарықтық бағалау негізінде анықталды. Қазатомөнеркәсіп УБО-ның 1 акциясын өзінде қалдыруды жоспарлап отыр, ол компанияның ТВЭЛ-мен алдын ала келісілген шарттарға сәйкес уран байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізу құқығын сақтайды.

УБО – атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалану саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кешенді бағдарламасы шеңберінде 2006 жылы құрылған бірлескен қазақстан-ресей компаниясы. Компания Ресейдегі Свердлов облысының Новоуральск қаласында орналасқан «Урал электрохимиялық комбинаты» АҚ-ның 25% (+ 1 (бір) акция) акциясына иелік етеді. УБО ресейлік байыту қуаттарының бөлігі болып табылатын, шетелдік иелену үлесі бар алғашқы компания болды.

Қазатомөнеркәсіптің УБО-дан тиімді шығу туралы шешімі ұзақ мерзімді нарықтық құнды құру стратегиясына сәйкес, сондай-ақ уран байыту нарығындағы ағымдағы жағдайларды қайта қарауға байланысты қабылданды. ТВЭЛ-мен келіссөздердің қорытындылары бойынша Компанияның Директорлар кеңесі бекіткен мәміле Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметімен (ФМҚ) 2020 жылғы 30 қаңтарда келісіліп, қазіргі уақытта ТВЭЛ Директорлар кеңесінің мақұлдауын күтуде.

ТВЭЛ Директорлар кеңесі мақұлдаған жағдайда және мәмілені жабу бойынша салғырттық талаптарды ескере отырып, сату Қазатомөнеркәсіп қызметінің 2019 жылғы қаржылық жағдайы мен нәтижелерінің жылдық талдауында және 2019 жылғы шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте (жариялау 2020 жылғы 5 наурызға болжанған) әсері Компанияның 2020 жылғы бірінші тоқсандағы қаржылық есептілігінде көрсетілетін есепті кезеңнен кейін жасалған операция ретінде көрсетілетін болады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңызға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)

Тел: +44 20 7250 1446

Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ірі табиғи уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізіндегі табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ уранның саладағы аса ірі резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындарының барлығы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, олар денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың алдыңғы қатарлы тәжірибелері мен құралдарына айрықша назар аудара отырып, жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің құнды қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы. Топтың негізгі клиенттері – атом қуатын өндіруші операторлар, ал өнімін шығаратын негізгі экспорттық нарығы – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа елдері. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Trading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

ТВЭЛ туралы анықтама

Росатомның ТВЭЛ отын компаниясы – әлемдегі ең ірі ядролық отын өндірушілердің бірі. Росатомның ТВЭЛ отын компаниясы ресейлік атом электр станциялары, атом кемелері мен ядролық зерттеу реакторлары үшін қажетті бүкіл ядролық отынды жеткізіп береді. ТВЭЛ өндіретін отын сондай-ақ, әлемнің басқа да 14 еліндегі атом электр станцияларына орналастырылып, әлемдегі әрбір алтыншы реакторға ұсынылған.

ТВЭЛ газ центрифугаларын өндіруге, уран байыту мен ядролық отын дайындауға маманданған кәсіпорындарды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық ұйымдарды қамтиды.

Жиырма жылдан астам тарихында ТВЭЛ өзінің барлық келісімшарттық міндеттемелерін мінсіз орындап келеді, бұл оған қауіпсіз әрі тиімді ядролық отынның сенімді жеткізушісі ретінде халықаралық беделге ие болуға мүмкіндік берді.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ - ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру