| (AIX)    KZT 21100   %   0 USD 41.96   %   4.9

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылдың дивидендтерін төлеу аяқталғаны туралы хабарлайды

26 маусым
Қазатомөнеркәсіп 2023 жылдың дивидендтерін төлеу аяқталғаны туралы хабарлайды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») тіркелген бағалы қағаздарын ұстаушылардың атына 2024 жылғы 26 маусымда аяқтағаны туралы хабарлайды. Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданған шешімге сәйкес (2024 жылғы 23 мамырдағы №1 хаттама) дивидендтік төлемдердің жалпы сомасы 314 648 843 259,52 (үш жүз он төрт миллиард алты жүз қырық сегіз миллион сегіз жүз қырық үш мың екі жүз елу тоғыз теңге және 52 тиын) мөлшерін немесе бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең) 1 213,19 (бір мың екі жүз он үш теңге және 19 тиын) құрады.

Әртүрлі юрисдикцияларда дивидендтерді бөлу бойынша неғұрлым толық ақпарат алу үшін акционерлер тікелей өз брокерлеріне жүгіне алады.

Дивидендтер төлеу бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі тіркелген күнгі жағдай бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (бұдан әрі – KCSD) жүйесінде көрсетілген акционерлердің және/немесе номиналды ұстаушылардың банктік шоттарына жүзеге асырылады.

Белгіленген тәртіппен дивидендтер алу мақсатында акционерлер өздерінің банктік деректемелерінің дұрыстығын куәландыру үшін қызмет көрсететін брокерлік ұйымға жүгінуі, ал қажет болған жағдайда оларды өзектендіруі қажет. Акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, оған тиесілі дивидендтерді компания KCSD талап етілмеген ақшаны есепке алу жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес KCSD есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін арнайы шотқа аударатын болады.

ЖДҚ-ға қатысты дивидендтер төлеуді (және қаражатты АҚШ долларына айырбастауды) Citibank депозитарлық банкі DTC немесе Euroclear және Clearstream арқылы Компаниядан ақша алғаннан кейін, депозитарлық комиссияларды, салықтарды және егер қажет болса, басқа да ұстап қалуларды шегергенде жүзеге асырады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің  директоры

Тел: +7 7172 45 81 80/69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Асқар Атағулин, IR департаментінің  директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарламаның көшірмесі  www.kazatomprom.kz. сайтында қол жетімді

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20% мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал топтың негізгі клиенттері - Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарықта тікелей Астана қаласындағы корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, trading House KazakAtom (ТҰК) арқылы сатады.

Неғұрлым толық ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсқа кіріңіз

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «болжаймыз», «ниет етеміз», «мүмкін», «болжау», «бағалау», «жоспар», «жоба», «болады» сияқты сөздер қолданылатын, бірақ олармен шектелмейді, «болуы мүмкін», «қажет», «керек», «мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары мәлімдемелер кіруі мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру