| (AIX)    KZT 37200   %   0.66 USD 72.01   %   0

Қазатомөнеркәсіптің 2025 жылғы дивидендтері бойынша ұсынымдар

24 сәуiр
Қазатомөнеркәсіптің 2025 жылғы дивидендтері бойынша ұсынымдар

«Қазатомөнеркәсіп «Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу мөлшері мен мерзімдері туралы ұсынымдар туралы хабарлайды.

Компанияның директорлар кеңесі 2025 жылғы аудиттелген қаржылық нәтижелерге негізінде, дивидендтер төлеуге 335,2 млрд теңге соманы бөлуді ұсынды, бұл Компанияның дивидендтік саясатына сәйкес бос ақша ағынының 75% – на сәйкес келеді. Төлем төменде көрсетілген кестеге сәйкес жүргізіледі:

  • Дивиденд мөлшері: бір жай акцияға (бір ҒДҚ бір жай акцияға тең)1 292,27 теңге
  • Акционерлердің тізілімін тіркеу күні: 2026 жылғы 27 шілде, жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де (GMT+5) жай акциялар үшін
  • Төлемнің басталу күні: 2026 жылғы 28 шілдеден бастап*
* бағалы қағаздардың «Орталық депозитарийі» АҚ шығарған акционерлер тізілімінде көрсетілген акционерлердің және/немесе номиналды ұстаушылардың банктік шоттарына тіркеу күніне есептелуге жатады. ЖДҚ бойынша дивидендтер төлеуді Citibank депозитарлық Банкі компаниядан қаражат алғаннан кейін DTC немесе Euroclear және Clearstream арқылы жүзеге асырады.
Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу ұлттық валютада, теңгеде жүргізілетін болады; ЖДҚ бойынша дивидендтер төлеу дивидендтер төлеу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айырбастау бағамы бойынша теңге сомасының баламасында АҚШ долларымен жүргізілетін болады.

Дивидендтер төлеу туралы шешім акционерлердің 2026 жылғы 26 мамырдағы жылдық жалпы жиналысы (Жиналыс) мақұлдауына жатады. Жиналыс күн тәртібі және қатысу/дауыс беру рәсімдері туралы толық ақпарат алу үшін Жиналыстың ресми хабарламасымен танысыңыз.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Данияр Оралов, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2025 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20% мөлшерінде Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибелерге баса назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал топтың негізгі клиенттері – Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар - Азия, Еуропа және Америка мемлекеттері. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот-нарықта тікелей өзінің корпоративтік орталығынан сатады. Астана, Қазақстан, сондай-ақ Швейцариядағы TH Kazakatom AG (THK) еншілес сауда компаниясы арқылы.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру