| (AIX)    USD 41.18   %0      KZT 18215   %0     

Қазатомөнеркәсіп өндірістік қауіпсіздікті басқару процестерін цифрландырады

2 ақпан
Қазатомөнеркәсіп өндірістік қауіпсіздікті басқару процестерін цифрландырады

Алматыда Digital Almaty 2024: «Х индустриясы – болашақтың цифрлық эволюциясы» жыл сайынғы цифрлық форумы өтіп жатыр. Іс-шара барысында форумға қатысушылар - ШЫҰ және ЕАЭО елдерінің мемлекет қайраткерлері, жетекші сарапшылар, бизнес және саясат өкілдері – цифрлық технологиялар саласындағы заманауи үрдістерді, сондай-ақ оларды әлеуметтік, экономикалық және экологиялық міндеттерді шешу үшін қолдану мүмкіндіктерін талқылайды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ халықаралық форум аясында «Өнеркәсіптік қауіпсіздік трендтері» панельдік сессиясының жұмысына қатысты. «KAP Technology» ЖШС бас директоры Николай Мельников өз сөзінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында қолданылатын заманауи цифрлық шешімдер туралы баяндады. Ол айтқандай, өндірістік қауіпсіздікті басқару процестерін автоматтандыру қызметкерлердің еңбегін қорғау және атом холдингінің өндірістік процестерін оңтайландырудың негізгі стратегиясы болып табылады.

«Қазатомөнеркәсіптің өндірістік процестерінде кәсіпорындардың қызметкерлері шешуші рөл атқарады. Олар – біздің холдингтің табысқа жетуінің негізгі драйвері. Сондықтан біздің компания үшін қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең жоғары басымдыққа ие.

Осыған байланысты біз өндірістік қауіпсіздікті басқару процестерін цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударамыз. Компания тобында біз нақты уақыт режимінде қауіпті аймақтарды, іс - қимылдарды, арнайы жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды бақылауға, автоклікпен жолаушылар мен қауіпті жүктердің тасымалын және жүргізушілердің жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін бірқатар тиімді құралдарды қолданамыз», - деп атап өтті Николай Мельников. 

Сондай-ақ, спикер аудиторияға «eKAP» корпоративтік қосымшасының функционалдық мүмкіндіктері туралы айтып берді. Ақпараттық жүйенің көмегімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында ауысым алдындағы тексерулерді, күнделікті нұсқамаларды, қауіпті жұмыстарға жіберуді автоматтандыру жоспарланған. Жаңа цифрлық технологияларды компанияның 20 мыңнан астам қызметкері пайдаланады деп күтілуде.

Іс-шара аясында «Семізбай-U» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес ұйымы) «Семізбай-U» ЖШС «Иіркөл» филиалының мысалында «Уран өндірісінің технологиялық процестерін кешенді роботтандыру» ҒЗТКЖ тақырыбы бойынша макет ұсынды.  Жоба табиғи уранның химиялық концентратын көліктік орау контейнеріне тиеу бойынша технологиялық операцияларды орындау кезінде қол еңбегін болдырмауды мақсат еткен.

Естеріңізге сала кетейік, Digital Almaty 2024: «Х индустриясы – болашақтың цифрлық эволюциясы» цифрлық форумы 1-3 ақпан аралығында өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры ұйымдастырып отыр.

Биылғы жылы Digital Almaty қатысушыларына GovTech, Индустрия 4.0, ESG, Smart City және басқа салалардағы өнеркәсіптегі цифрлық трансформация және инновациялық шешімдер тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарлама ұсынылды. Панельдік пікірталастар аясында халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден астам спикерлер қатысып, экономика мен инновацияның нақты секторында жаңа технологияларды қолданудағы табысты кейстер туралы әңгімелейді.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру