Қазатомөнеркәсіп Бразилия атом энергокомпаниясымен келісімшартқа қол қоюда

12 қыркүйек
Қазатомөнеркәсіп Бразилия атом энергокомпаниясымен келісімшартқа қол қоюда

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) Бразилияның «Indústrias nucleares do Brasil» (INB) мемлекеттік компаниясына табиғи уран жеткізу туралы сауда келісімшартына қол қойғаны туралы хабарлайды.

Қазатомөнеркәсіп INB компаниясы өткізген Бразилия атом өнеркәсібінің қажеті үшін уран гексафторидін жеткізу конкурсының жеңімпазы деп танылды (http://www.inb.gov.br/Acesso-a-Informacao/Licitacoes-e-contratos/Licitacoes). Компания өзінің келісімшарттар портфелін әртараптандырып, осы арқылы жаңартылған маркетингтік қызметінің табыстылығын көрсетеді.

Қазатомөнеркәсіп осындай конкурстан өтіп, алғаш рет 2018 жылы INB-мен келісімшартқа қол қойды. 2019 жылғы жаңа келісім Компанияның жаһандық ядролық жеткізілімдер тізбегінде сенімді жеткізуші ретіндегі беделін көрсетеді, ал неғұрлым кең мағынада Латын Америкасы өңірі елдерінде атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы қазақстан-бразилия ынтымақтастығының одан әрі дамуын білдіреді.

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы

Тел: +7 7172 45 81 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)

Тел: +44 20 7250 1446

Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ірі табиғи уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізіндегі табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ уранның саладағы аса ірі резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындарының барлығы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, олар денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың алдыңғы қатарлы тәжірибелері мен құралдарына айрықша назар аудара отырып, жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің құнды қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы. Топтың негізгі клиенттері – атом қуатын өндіруші операторлар, ал өнімін шығаратын негізгі экспорттық нарығы – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа елдері. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Trading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: https://www.kazatomprom.kz.

INB туралы

INB - ядролық материалдарды өндіру және коммерцияландыру жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын. INB қызметін ядролық энергия жөніндегі Ұлттық комиссия (CNEN), Бразилия Қоршаған орта және жаңартылатын табиғи ресурстар жөніндегі институт (IBAMA) және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (IAEA) лицензиялайды және бақылайды.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ - ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру