| (AIX)    USD 41.2   %0      KZT 18310   %0     

Қазатомөнеркәсіп IPO-ның бес жылдығын мерекелеуде

14 қараша 2023
Қазатомөнеркәсіп IPO-ның бес жылдығын мерекелеуде

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Лондон қор биржасында және Astana International Exchange биржасында акцияларын бастапқы жария орналастырудың (IPO) бес жылдығын мерекелеуде.

Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде акциялары жергілікті және халықаралық капитал нарықтарына ұсынылған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның алғашқы портфельдік компаниясы болды. Қазатомөнеркәсіптің IPO-сы нәтижелерін жаһандық инвестициялық қоғамдастық оң қабылдады.

«Біздің IPO компанияның және ұлттық экономиканың даму тарихындағы маңызды кезең болды, бұл Қазақстанның капитал нарықтарына қатысуы өсіп келе жатқанын аңғартады. 2018 жылғы қарашадағы сәтті IPO-дан кейін Қазатомөнеркәсіп тұрақты өсуге, нарықтық тәртіпке және өндірістік тиімділікке бейілділігін дәлелдеп қана қоймай, әлемдік уран саласындағы озық позицияларын нығайтты. Жеке өзімнің және компания атынан біздің қызметкерлерге, серіктестерге, акционерлерге және бүкіл Қазақстан халқына тұрақты қолдауы үшін айрықша алғысымды білдіремін. Ортақ күш–жігеріміздің арқасында Қазатомөнеркәсіп саланың көшбасшысы ретінде өркендеуін жалғастыра береді», - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Компания үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес ішкі және сыртқы процестерді жүзеге асыра отырып, листингтің жоғары талаптарына сәйкес келеді, инвесторлармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды және корпоративтік басқару мен ашықтық деңгейін жетілдіреді. IPO-ға шыққан сәттен бастап Қазатомөнеркәсіптің акциялары мен ғаламдық депозитарлық қолхаттары (ҒДҚ) олардың бағасы мен дивидендтер төлемдерінің өсуі есебінен айтарлықтай табыстылықты көрсетті.

«AIX биржасының тарихы 2018 жылы Қазатомөнеркәсіптің IPO-сынан басталды. Листинг сәтінен бастап өткен бес жыл ішінде компанияның жай акцияларының бағасы төрт есеге өсті және AIX алаңындағы мәмілелер саны мен сауда көлемі бойынша тұрақты түрде бірінші орынды иеленді», - деді Astana International Exchange биржасының басқарма төрағасы Әсел Мұқажанова.

Атаулы оқиғаға байланысты Қазатомөнеркәсіп компанияның жетістіктерін ғана емес, сонымен қатар әлемдік энергетикалық теңгерімдегі атом энергетикасының маңызды рөлін атап көрсетеді. Әлем нөлдік шығарындылары бар энергетикаға ұмтылған сайын, атом энергетикасын төмен көміртекті энергияның экологиялық таза көзі ретінде тану бұрынғыдан да маңызды болып келеді. Бүкіл әлем бойынша таза, тұрақты және сенімді атом энергетикасын шикізатпен қамтамасыз етіп отырған Қазатомөнеркәсіп осы өткелдің дәл орталығында орналасқан. Компания экологиялық таза және тұрақты болашаққа көшудің негізгі ойыншысы болуды мақтан тұтады.

Болашаққа көз жүгіртсек, Қазатомөнеркәсіп таза және сенімді атом энергиясына өскелең әлемдік сұранысты қанағаттандыру үшін қажетті ресурстарға ие екенін атап өткен маңызды. ESG мәселелеріне, инновацияларға және тұрақты дамуға баса назар аудара отырып, компания алдағы бес жыл ішінде және одан кейін де өсуге ықпал ететін жаңа жобалар мен технологиялардың әлеуетін тұрақты түрде зерттейтін болады.

Толық ақпарат алу үшін хабарласыңыздар:

 

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша 

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Бұл хабарламаның көшірмесі сайтта қолжетімді: www.kazatomprom.kz.

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22% – ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

 

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

 

Пікір қалдыру