| (AIX)    USD 37.15   %0      KZT 18795   %0     

Қазатомөнеркәсіп депутаттарға Қазақстанның уран саласын одан әрі дамыту перспективаларын таныстырды

23 мамыр 2024
Қазатомөнеркәсіп депутаттарға Қазақстанның уран саласын одан әрі дамыту перспективаларын таныстырды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да «Уран саласын дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі Комитетінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Қазатомөнеркәсіп басшылығы, ҚР Энергетика министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс басталар алдында қатысушылар көрме экспозициясымен танысты, онда экология және өндірістік қауіпсіздік бойынша стендтер, атом өнеркәсібінің соңғы жетістіктері және ядролық-отын циклінің негізгі кезеңдері – уран өндіруден бастап жылу бөлетін құрастырмаларды дайындауға дейін ұсынылды.

Фото: Талғат Таныбаев

Мәжіліс Комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин декарбонизация мақсаттарына қол жеткізуде атом энергетикасы маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл ретте ол Қазатомөнеркәсіп барлық халықаралық стандарттарға қатаң сәйкес келетінін және БҰҰ жариялаған тұрақты даму қағидаттарын ұстанатынын атап өтті.

Отырыста Қазатомөнеркәсіптің 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлық өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді орындағаны туралы мәлімделді. Сондай-ақ инвестициялық жобалар, су ресурстарын басқару стратегиясын және сирек және сирек жер металдары саласындағы ғылыми-технологиялық даму бағдарламасын іске асыру, тұрақты даму және компания қызметінің басқа да бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарланды.

«Қазатомөнеркәсіптің саладағы ең ірі уран қоры - 300 мың тонна бар және ол тек уран өндіру бойынша ғана емес, сонымен қатар сату бойынша да әлемдік көшбасшы болып табылады. IPO-ға шыққаннан бері компанияның нарықтық капитализациясы 3 млрд доллардан 12 млрд долларға дейін өсті. Халықаралық аренада Қазақстанның атынан қатыса отырып, атом холдингі елдің инвестициялық ахуалын дамытуға және оның инвесторлар арасында танымалдылығын арттыруға ықпал етеді. Біз компания қызметінің тиімділігін арттыру және Қазақстанның атом саласын дамыту үшін бар күшімізді салуды жалғастырамыз», - деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы, Мейіржан Юсупов.

Фото: Талғат Таныбаев

Қазатомөнеркәсіп уран өндірудің ең қауіпсіз және экологиялық таза әдісі – жер асты ұңғымалы әдісін қолданады. Компания қоршаған ортаны қорғау шараларына және еңбекті қорғау және қауіпсіздік бағдарламаларын жүзеге асыруға қомақты қаражат салады. 2023 жылы қоршаған ортаны қорғау шараларына жалпы шығыстар 1,3 млрд теңгені, еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік бағдарламаларына шамамен 12,5 млрд теңгені құрады.

Қазатомөнеркәсіп өңірлерді және олардың инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын атап көрсетеді. 2023 жылы әлеуметтік маңызы бар жобаларға 580 млн теңгеден астам, ал соңғы үш жылда 2,4 млрд теңге бөлінді. 2024 жылы компания жергілікті тұрғындардың дамуы мен әл-ауқатын арттыра отырып, әлеуметтік жобаларға инвестиция салуды жалғастырады.

2023 жылы атом холдингінің сату көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 10%-ға өсіп, 18 мың тоннаны құрады. Түсім 1,4 трлн теңгеге жетті. Таза пайда шамамен 580 млрд теңгені құрады.

Президент жолдауларының орындалуына қатысты компанияда импортты алмастыру жөніндегі жергілікті жобалау кеңсесі жұмыс істейтіні атап өтілді, оның қызметіне жаңа өндірістер құру жөніндегі жобаларды қарау және отандық тауар өндірушілерді қолдау кіреді. 2023 жылы Қазатомөнеркәсіптің еншілес және тәуелді ұйымдары жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 50 офтейк-шарт жасасты.

Минералды-шикізат базасын толықтыру атом холдингінің басым мақсаттарының бірі болып табылады. Қазатомөнеркәсіп уранның минералдық-шикізат базасын толықтыру бойынша іздестіру жұмыстары бағдарламасы шеңберінде жаңа перспективалы учаскелерді анықтау мақсатында Түркістан және Қызылорда облыстарында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді.

Компания ғылымның дамуына үлкен көңіл бөледі. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жыл сайын артып келеді. 2023 жылы лицензиялық және келісімшарттық міндеттемелердің 1%-ы шеңберінде қаржыландыру көлемі 2,89 млрд теңгені құрады.

Қазатомөнеркәсіп уран өнімін өндірумен байланысты негізгі қызметтен басқа сирек және сирек жер металдары салаларын тиімді дамыту перспективаларын көреді. 2023 жылғы ақпанда Қазатомөнеркәсіптің Директорлар Кеңесі сирек және сирек жер металдары саласындағы ғылыми-технологиялық даму, өнімнің жаңа түрлерін жасау және ғылымды қажетсінетін өндірістерді ұйымдастыру үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында пайдалы құнды компоненттерді ілеспе алу технологияларын жетілдіру бағдарламасын 2022-2029 жылдарға бекітті.

Қазатомөнеркәсіп жұмысының маңызды бағыттарының бірі тантал, ниобий және бериллийден өнім шығару бойынша Үлбі металлургия зауытының жұмысын қамтамасыз ету үшін отандық минералды-шикізат базасын құру болып табылады. Осылайша, 2023 жылдың наурыз айында Жоғарғы Ырғыз тантал кен орнының блоктарына қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алынды. Ал 2024 жылдың наурыз айында Караджал бериллий кен орнының блоктарына қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алынды.

Отырысты қорытындылай келе, Еділ Жаңбыршин Мәжіліс Комитетінің бірлескен жұмыс пен Қазақстанның атом өнеркәсібін одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар үшін ашық екеніне назар аударды.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80/69

Email: ir@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесін  www.kazatomprom.kz алуға болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы жалпы әлемдік бастапқы уран өндірісінің шамамен 20%-ын құрайтын Компанияның меншік үлесіне сәйкес табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топтың өнеркәсіптегі ең ірі уран қоры базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірлесе отырып, 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасында орналасқан және денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибелер мен бақылауларға ерекше назар аудара отырып, уран өндіру үшін жерасты шаймалау технологиясын пайдаланады (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған).

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Астана халықаралық биржасында және Қазақстан қор биржасында тіркелген. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі тұтынушылары – ядролық генерациялау объектілерінің операторлары, ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей өзінің Астана қаласындағы (Қазақстан) корпоративтік орталығынан және Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: https://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде, бұның алдында, бұлардан кейін немесе «мақсат», «санаймыз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «әбден мүмкін» сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру