«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Түркістан облысында орналасқан атом холдингі кәсіпорындарына жұмыс сапарымен барып, оның шеңберінде еңбек ұжымдарымен және жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді.
«Қазатомөнеркәсіп жергілікті халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мен салықтық және әлеуметтік төлемдер арқылы өңірлік бюджеттерді толықтыру арқылы өзі қатысатын өңірлердің әл-ауқаты мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады. Бір ғана 2022 жылдың өзінде Қазатомөнеркәсіп тобының салық аударымдарының сомасы 315,5 млрд теңгеден асты, содан 228,7 млрд теңгені Түркістан облысының кәсіпорындары енгізді », - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Кездесулер барысында Мейіржан Юсупов әлеуметтік жауапкершілік, қызметкерлердің, олардың отбасылары мен жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасау Қазатомөнеркәсіптің басты басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Ол холдинг қызметкерлеріне адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін алғыс айтып, олардың ұлттық атом компаниясының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы рөлінің маңыздылығын атап көрсетті.
Қазатомөнеркәсіп басшысы «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС және «Катко» БК» ЖШС уран өндіруші кәсіпорындарының кеніштерін, сондай-ақ «Волковгеология» АҚ, «КАР Logistics» ЖШС және «Уранэнерго» ЖШС сервистік кәсіпорындарын аралады.
Компания жұмыс жүргізетін аймақтарда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауды одан әрі жалғастырып, жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс істейді.
«Волковгеология» АҚ – уран кен орындарын іздеу мен барлаудан бастап, оларды өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге дейінгі барлық қызмет түрлерін геологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ уран өндіруші кәсіпорындарда тау-кен дайындық жұмыстары үшін технологиялық бұрғылауды жүргізеді.
«КАР Logistics» ЖШС – компаниялар тобы шеңберінде кешенді материалдық-техникалық және көліктік қамтамасыз етуді, сондай-ақ халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында (учаскелерінде) құрылысты, реконструкциялауды, жөндеуді және пайдалануды, ақылы қозғалысты және оларды ағымдағы жөндеуді және күтіп ұстауды жүзеге асырады.
«Уранэнерго» ЖШС – электр энергиясын беруді және бөлуді, электр желілері мен қосалқы станцияларды пайдалануды жүзеге асырады. Сондай-ақ, Таукент, Қыземшек және Көкшоқы кенттерін жылумен-сумен-электрмен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша
Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63 / 22
Email: pr@kazatomprom.kz
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80 / 69
Email: ir@kazatomprom.kz
Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz қолжетімді.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22% – ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.
Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда
Болашаққа қатысты мәлімдемелер
Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.
Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді, болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.