| (AIX)    USD 39.63   %   -0.28 KZT 18075   %   -0.14

Қазатомөнеркәсіп күкірт қышқылы өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр

24 сәуiр 2023
Қазатомөнеркәсіп күкірт қышқылы өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Компания», «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ) Түркістан облысының Созақ ауданында күкірт қышқылы зауытын салу жобасын іске асыру мақсатында құрылатын «Taiqonyr Qyshqyl Zauyty» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) жаңа кәсіпорнын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алғаны туралы хабарлайды. Серіктестіктің құрылтайшылары: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (49%), «РУ-6» ЖШС (25%) және «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС (26%).

Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталып, әлеуетті инвесторды таңдау жүргізілуде. Өнеркәсіптік кәсіпорынды құрудың түпкілікті құны жобалау-сметалық құжаттамасы бекітілгеннен кейін айқындалатын болады. Күкірт қышқылы зауытының құрылысын бастау 2024 жылға, ал өндірісті іске қосу және толық жобалық қуатқа шығу 2026 жылға жоспарланып отыр.

Күкірт қышқылы – жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіруде қолданылатын негізгі реагент. Кеніштерге жақын орналасатын меншікті өндіріс Қазатомөнеркәсіпке қышқыл жеткізудің қосымша сенімді және ұзақ мерзімді көзін қамтамасыз етуге, тауарды жеткізу жолдарын қысқартуға, шығындардың өсуін барынша азайтуға және уран өнімінің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. 

Кәсіпорын жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруді қамтамасыз ете алады. Бұл ретте зауыт жылуды кәдеге жаратудан ілеспе түрде 25-30 МВт*сағ электр энергиясын өндіріп, оның басым бөлігі энергия тапшы өңірдегі Компанияның еншілес ұйымдарына сатылатын болады. 

Жобаны іске асыру Қазатомөнеркәсіп үшін де, Түркістан облысы үшін де стратегиялық маңызға ие. Қазіргі заманғы күкірт қышқылы зауыты өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосуға, қосымша инвестициялар тартуға, жергілікті бюджетке салық түсімдерін толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді – объектінің құрылысына 800-ге жуық адам, ал пайдалануға 500-ге жуық адам тартылатын болады.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша

Ерлан Мағзумов, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

E-mail: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша

Сабина Кумурбекова, PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек, PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 22

E-mail: pr@kazatomprom.kz

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп - 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22%  мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады және топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Қосымша ақпарат алу үшін біздің  www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызға кіріңіз.

 

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру