| (AIX)    USD 27.34   %0      KZT 12320   %0     

Қазатомөнеркәсіп «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» Х мерейтойлық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді

24 қараша
Қазатомөнеркәсіп «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» Х мерейтойлық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді

2022 жылғы 24-26 қараша күндері Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің алаңында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 25 жылдығына және «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-тің (Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны) 20 жылдығына арналған «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» Х халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Іс – шараға атом саласындағы жетекші кәсіпорындар мен компаниялардың 450-ден астам өкілдері (оның ішінде 100-ге жуығы онлайн режимінде), сондай-ақ әлемнің түрлі елдерінен келген ғалымдар мен мамандар қатысып отыр.

Конференцияның мақсаты – халықаралық ғылыми қоғамдастыққа, озық материалдарды, техника мен жабдықтарды әзірлеушілер мен өндірушілерге Қазақстанның және басқа да елдердің атом саласы кәсіпорындарын дамыту мақсатында өзекті ғылыми-технологиялық міндеттерді талқылау және оларды шешу алаңын ұсыну.

«Осы жылдар ішінде Қазатомөнеркәсіп Қазақстанның тек қана бейбіт атомды дамыту жөніндегі саясатын ұстана отырып, атом энергетикасын, білім беруді, ғылымды және өндірісті қауіпсіз дамыту саласындағы ынтымақтастықты әлемнің түрлі елдеріндегі серіктестермен бірге қолдап келеді. Конференцияда қамтылатын мәселелердің кең ауқымы мен қатысушылардың жоғары деңгейі оған Қазақстан мен басқа елдер үшін стратегиялық маңызды сала ретінде әлемдік уран индустриясындағы маңызды оқиға мәртебесін беретіні сөзсіз, - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов. – Ұлттық атом компаниясы бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету және саладағы ғылыми-технологиялық көшбасшылыққа қол жеткізу мақсатында өндірістік процеске озық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізе отырып, ғылыми әзірлемелерді белсенді жүргізуді жалғастыруда».

Конференцияда «Геология, геотехнология және тау-кен дайындау жұмыстары», «Уран өндіру және қайта өңдеу технологиясы», «Реакторға дейінгі ядролық-отын циклінің – конверсия, ядролық отын өндірісі технологиялары мен өзекті мәселелері», «Сирек, сирек жер металдарын және олардың негізіндегі жоғары технологиялық өнімдерді өндірудің ресурстары мен тиімді технологиялары», «Атом саласы кәсіпорындарының қауіпсіз жұмыс істеуі және техногендік қалдықтарды басқару», «Тұрақты даму мәселелері (ESG), атом саласының жұмыс істеуінің құқықтық, макроэкономикалық және білім беру аспектілері», «Цифрландыру, автоматтандыру және атом саласындағы роботтандыру» сияқты жеті негізгі секцияда атом саласының өзекті мәселелері қаралатын болады.

Ғылыми-технологиялық және инновациялық даму Қазатомөнеркәсіптің стратегиялық басымдықтарын іске асыруда, атом холдингі қызметінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Қазатомөнеркәсіп ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) ұйымдастыруға көп көңіл бөледі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша атом холдингінің ҒЗТКЖ саласындағы жобаларды іске асыруға салған инвестицияларының сомасы 3,24 млрд теңгені құрап, Компания зияткерлік меншік объектілеріне 15 қорғау құжаттарын алды.

 

Қазатомөнеркәсіп өз қызметкерлерін өнертабыстық ұсыныстар беру тетіктері арқылы инновациялық қызметке тартады. 2021 жылы атом холдингінің қызметкерлері 2277 өнертапқыштық ұсыныс ұсынды. Өндірісте енгізілген өнертабыстық ұсыныстарды пайдаланудың жиынтық экономикалық әсері 1,34 млрд теңгені құрады.

24 қарашада конференция шеңберінде Қазатомөнеркәсіп Paul Scherrer Institute (Швейцариядағы жаратылыстану және техникалық ғылымдардың көпсалалы федералды ғылыми-зерттеу институты) және Қазақстан-Британ техникалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Бұл құжаттар ғылыми-зерттеу жұмыстары, инновациялық технологиялар мен әзірлемелер трансферті, сондай-ақ атом саласы үшін ғылыми кадрлар даярлау саласындағы бірлескен қызмет бағыттарын дамытуды көздейді.

Қазатомөнеркәсіп осындай халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды 2000 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіп келеді. Оның жұмысына жақын және алыс шет елдерден: Ресей, Франция, Канада, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Австралия, АҚШ, Украина, Өзбекстан және Орталық Азияның басқа да елдерінен атом саласы мен сирек металл өнеркәсібі кәсіпорындарының, ғылыми ұйымдары мен компанияларының ғалымдары мен мамандары қатысады.

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің халықаралық кеңесшісі

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80/69

Email: ir@kazatomprom.kz

 

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Сабина Кумурбекова, GR және PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Астана қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

 

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру