«Қазатомөнеркәсіп «Ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2024 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметі өндіру кәсіпорындары деңгейінде туындайтын және уранға төленетін тау-кен өндіру салықты есептеуге қатысты Қазақстан Республикасының Салық кодексіне түзетулер енгізгенін хабарлайды. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын енгізілген өзгерістерге сәйкес уранға тау-кен өндіру салық базасы өндірілген уран мөлшеріне және 6% мөлшерінде тау-кен өндіру салықтын мөлшерлемесіне көбейтілген, белгілі бір есепті кезеңдегі жария көздерден уранға орташа өлшенген баға (U3O8 табиғи уран концентраты нысанында) ретінде айқындалады.
2025 жыл
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап уранға қолданылатын тау-кен өндіру салық мөлшерлемесі өзгертіліп, 9% - құрайды (тек 2025 жылға).
2026 жыл және одан кейінгі
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша жылдық өндірудің нақты көлеміне және төмендегі кестелерге сәйкес табиғи уран концентратының (U3O8) бағасына байланысты уранға тау-кен өндіру салық есептеу үшін сараланған тәсіл енгізілетін болады::
Жылдық өндіру көлемі |
Ставкалар, пайызбен |
500 тоннаға дейін қоса алғанда |
4% |
1 000 тоннаға дейін қоса алғанда |
6% |
2 000 тоннаға дейін қоса алғанда |
9% |
3 000 тоннаға дейін қоса алғанда |
12% |
4 000 тоннаға дейін қоса алғанда |
15% |
4 000 тоннадан астам |
18% |
Бұл ретте табиғи уран концентратының (U3O8) орташа өлшенген бағасы төмен белгіленген бағадан асып кеткен жағдайда тау-кен өндіру салығының ставкасы мынадай мөлшерге ұлғаяды:
Табиғи уран концентратының орташа өлшенген бағасы (U3O8) |
Ставкалар, пайызбен |
бір фунт үшін 70 доллардан жоғары |
0,5% |
бір фунт үшін 80 доллардан жоғары |
1,0% |
бір фунт үшін 90 доллардан жоғары |
1,5% |
бір фунт үшін 100 доллардан жоғары |
2,0% |
бір фунт үшін 110 доллардан жоғары |
2,5% |
Жоғарыда аталған өзгерістердің нәтижесінде 2026 жылдан бастап Компанияның бірлескен және еншілес кәсіпорындарына сараланған мөлшерлемелер бойынша тау-кен салығы салынады деп күтілуде.
Нормативтік-құқықтық актінің толық мәтіні қазақ және орыс тілдерінде келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=35556206&doc_id2=32975511.
Салық кодексіне жоғарыда аталған өзгерістер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және Компанияның 2024 жылға арналған салық бөлігінде күтулеріне әсер етпейді.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80/69
Email: ir@kazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша
Асқар Атағулин, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Осы хабарламаның көшірмесі www.kazatomprom.kz. сайтында қол жетімді
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20% мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал топтың негізгі клиенттері - Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарықта тікелей Астана қаласындағы корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, trading House KazakAtom (ТҰК) арқылы сатады.
Неғұрлым толық ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсқа кіріңіз
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «болжаймыз», «ниет етеміз», «мүмкін», «болжау», «бағалау», «жоспар», «жоба», «болады» сияқты сөздер қолданылатын, бірақ олармен шектелмейді, «болуы мүмкін», «қажет», «керек», «мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары мәлімдемелер кіруі мүмкін.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.