| (AIX)    USD 39   %0      KZT 20750   %0     

БАҚ өкілдері «Заречное» кенішіне барды

8 қараша
БАҚ өкілдері «Заречное» кенішіне барды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Түркістан облысының Отырар ауданында орналасқан «ЗАРЕЧНОЕ» БК»  АҚ еншілес кәсіпорнының кенішіне баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шараны өткізуге әлеуметтік желілерде таратылған бейнематериалдар себеп болды, онда автордың айтуынша, өндірістік алаңда технологиялық ерітінділердің төгілуі тіркелген.

Ұлттық компания мен «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ өкілдері журналистерге өндірістік нысандарды көрсетіп, ресми түсініктемелер берді. Олар кәсіпорындағы уран шикізаты өндірісінің барлық қалдықтары түріне қарай бөлінетінін және ережеге сәйкес арнайы бөлінген алаңдарда немесе жинақтағыштарда уақытша орналастырылатынын, бұл қоршаған ортаға ықтимал әсерді барынша азайтатынын егжей-тегжейлі айтып берді. Бұрғылау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті барлық зумпфтар мен шұңқырлар соңынан босатылады және тазартылады. Техникалық ақаулыққа байланысты күкірт қышқылының төгілуі сияқты оқиғалар болған жағдайда, төгілген сұйықтықты оқшаулау және жинау арқылы ластанған учаскенің одан әрі таралуына жол бермеу және шектеу бойынша жедел шаралар қабылданады. Қышқылданған топырақ бейтараптандырылып, зертханалық тексеру жүргізілгеннен кейін экологияға қауіп төндірместен орнына қайтарылады.

«Өз қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ететін кәсіпорын қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың жоғары стандарттарын сақтай отырып, уран өндіреді. Заңнама талаптарына сәйкес, кен орнындағы жұмыстар аяқталғаннан кейін учаске мемлекетке бастапқы түрінде қайтарылады, оны арнайы комиссия растайды. Бұдан басқа, заңнаманың талабы бойынша Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында тарату қорлары құрылған, онда жұмыстар аяқталғаннан кейін аумақты қалпына келтіру және толық қалпына келтіру үшін қаржы қаражаты жинақталады», - деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры Манас Ысқақов.

Сондай-ақ журналистерге уақытша сақтаудың арнайы жабық алаңында жиналып сақталатын төмен радиоактивті қалдықтарды жіктеу рәсімі көрсетілді. Жинақталғаннан кейін олар жерлеу үшін компанияның аймағынан алыс орналасқан көму орындарына жіберіледі. Бейтараптандырудан өтетін қышқылданған топырақты уақытша орналастыру үшін кәсіпорында жеке алаң да қарастырылған.

«ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ - Отырар ауданындағы жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырған және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес өңірдің негізгі салық төлеушісі болып табылатын жалғыз өндірістік кәсіпорын екенін атап өту маңызды. Компания халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірдің әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуын қолдауға бағытталған көптеген бастамаларды іске асыруда. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылады: өндірістік учаскелерде экологиялық бақылау, өндірістік және тұтыну қалдықтарын басқару, биоәртүрлілікті сақтау және табиғатқа теріс әсерді азайту бойынша іс-шараларды тұрақты түрде өткізіледі.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Алтынай Кәрібжанова, PR департаменті директорының м.а.

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2023 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 20%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын/учаскені игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру