| (AIX)    USD 38.34   %0      KZT 18185   %0     

Westinghouse Electric Company LLC қайта ұйымдастыру туралы

26 сәуiр 2017
Westinghouse Electric Company LLC қайта ұйымдастыру туралы

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2017 жылғы 29 наурызда америкалық Westinghouse Electric Company LLC компаниясы (жапондық «Toshiba» корпорациясының еншілес компаниясы) мен оның бірқатар үлестес компаниялары («Westinghouse Group») АҚШ-тың Банкроттық туралы кодексінің 11-бабына сәйкес электр станциялардың бірнеше жобаларына байланысты қаржылық наразылығын шешу үшін Нью-Йорк қаласының Оңтүстік округіндегі банкроттық істері жөніндегі АҚШ сотына қайта ұйымдастыру туралы өтініш түсіргенін мәлімдейді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Toshiba» корпорациясынан акциялар пакетін «опцион-пут» шартымен сатып алды. Бұл шартқа сай қазақстандық компания өз акцияларын бастапқы инвестицияға сәйкес келетін бекітілген бағамен қайтадан «Toshiba» корпорациясына сату құқына ие.

Осылайша, «Toshiba» корпорациясымен жасалған пут-опцион туралы келісімге сәйкес, егер ол іске аса қалса, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзі салған қаржысын қайтару үшін келісілген құқыққа ие болмақ.

«Westinghouse Electric Company LLC» компаниясын қайта ұйымдастыру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштеріне кері әсер етпейді.

Пікір қалдыру