| (AIX)    USD 40   %0      KZT 18175   %0     

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылғы 4-тоқсандағы операциялық қызметінің нәтижелері

3 ақпан 2020
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылғы 4-тоқсандағы операциялық қызметінің нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (әрі қарай – Қазатомөнеркәсіп, ҚАӨ немесе Компания) 4-ші тоқсандағы және 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдың келесі операциялық нәтижелерін хабарлайды.  

Бұл жарияланым – уран өнеркәсібі саласындағы соңғы оқиғалардың жиынтығы, сонымен қатар Компанияның  2019 жылдағы операциялық қызметінің негізгі нәтижелеріне және 2020 жылға арналған өндіріс пен сату бойынша болжалдарға қатысты алдын ала ақпарат. Операциялық қызмет нәтижелері жайлы бұл ақпарат түпкілікті емес және өзгертілуі мүмкін. Ол 2020 жылғы  5 наурызда жариялау жоспарланған 2019 жыл қорытындылары бойынша Қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелері талдауында ұсынылатын түпкілікті аудиттелген көрсеткіштерден ерекшеленуі мүмкін.

Нарыққа шолу

Жеткізулерге қатысты жағдай 2019 жылдың төртінші тоқсанында біршама тыныштау болды, дегенмен Орано-ның еншілес Compagnie minière d'Akouta (COMINAK) компаниясы өзінің Нигериядағы уран кенішінде қордың сарқылуы мен эксплуатациялық шығындардың жоғары болуына байланысты уран өндірісін 2021 жылғы наурызда тоқтатынын мәлімдеді. COMINAK 2018 жылы үш миллион фунт төңірегінде U3O8 өндірген болатын.

Ұсыныстар нарығындағы жаңалықтарға келер болсақ, Америка Құрама Штаттардың (АҚШ) Өкілдер палатасы Құрама Штаттардағы Гранд каньон аумағында анықталған жаңа уран кеніштеріне тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады. Сол сияқты, Қырғызстан президенті де жылды бүкіл ел аумағындағы уран және торий кен орындарын барлау мен игеруге байланысты іс-әрекеттерге тыйым салатын заңға қол қоюмен аяқтады.

Жыл аяқталуына жақындаған сайын сұраныс жағынан бірқатар жаңалықтар пайда болды: Ресейдегі бірнеше атом электр станциялары пайдалану лицензиясының мерзімін ұзартты (Смоленск-3, Кола-2, Нововоронеж-4 және Билибино-2). Сондай-ақ, АҚШ-тың ядролық энергетика саласын реттеу жөніндегі комиссиясы Құрама Штаттардағы Флорида штатында орналасқан Терки-Пойнт атом электр станцияларының 3-4 энергия блоктарының жұмысын 2053 жылға дейін ұзартуға рұқсатын берді. Бұл АЭС-ті пайдалануды 80 жылға дейін ұзартуға келісім берген алғашқы жәйт.

«Росатом» Бушердегі атом электр станциясында ВВЭР-1000 реакторының құрылысын бастады, ал Иран өкіметі құрылыстың аяқталуы 2024 жылға болжанғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, «Росатом» компаниясы «Академик Ломоносов» әлемдегі алғашқы жүзбелі атом электр станциясын (SMR технологиясы бойынша) іске қосып, Ресейдің Қиыр Шығыстағы Певек қаласында орналасқан шалғайдағы Чаун-Билибин электр жүйесінде электр энергиясын өндіруді бастады.

Ғаламдық жаңалықтар қатарында 2019 жылдың төртінші тоқсанында төрт энергетикалық блоктың жабылғанын атап өтуге болады, олар: Швейцариядағы Мульберг-1, Германиядағы EnBW компаниясының Филипсбург-2, Швециядағы Vattenfall компаниясының Рингхалс-2 және Оңтүстік Кореядағы Korea Hydro & Nuclear Power компаниясының Волсун-1.

Еуропалық Одақтың (ЕО) көшбасшылары 2050 жылға қарай Еуропаның көміртек бейтараптығын және осы уақытқа дейін еуропалық экономикада СО2 нөлдік деңгейін көздейтін «Еуропалық Жасыл келісімге» атом энергиясын да қосуды мақұлдады. Атом энергетикасы енді «жасыл» болып саналатын жаңалықтың жағымдылығына қарамастан, ядролық жобалар ЕО тарапынан тиісті қаржылық қолдау алуы үшін квалификациялауға жатпайтындығы келісім мақсаттарын жүзеге асыруға кедергі болуы мүмкін.

Қараша айында Иранның Фордодағы байыту зауыты жұмысын қайта бастағаннан кейін, АҚШ үкіметі 2019 жылдың 15 желтоқсаннан бастап Фордомен байланысты АҚШ санкцияларын кейінге қалдыру әрекеті тоқтатылатыны туралы хабарлады. Санкциялардың жаңаруына байланысты Росатомның ТВЭЛ отын компаниясы Ирандағы уран байытуға қатысты халықаралық мәселелер шешілгенге дейін осы зауыттағы қызметін дереу тоқтатты. Көп ұзамай Иран жаңа жылдан кейін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (АЭЖХА) ынтымақтастықты жалғастыратынын мәлімдеп, алайда бұдан әрі 2015 жылы Иранның ядролық келісімі бойынша байыту бағдарламасына қойылған шектеулерді ұстамайтындығы туралы жария етті. Иранның басқа да ядролық объектілеріне, соның ішінде Тегеран ғылыми-зерттеу реакторына, Арактағы ауыр сулы ядролық зерттеу реакторына және Бушер атом электр станциясына қатысты АҚШ санкцияларының мерзімі 2020 жылғы 31 қаңтарда аяқталуы тиіс еді, алайда ол 2020 жылғы наурыздың соңына дейін тағы 60 күнге ұзартылды. Бұл ұзарту қалыптасқан белгісіздіктің шешімін үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанының соңына қалдырды. 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да орналасқан АЭЖХА Төмен байытылған уран банкіне (ТБУ) ақырғы жеткізуді жүзеге асырды. ТБУ банкісі ядролық отын жеткізілімінде кедергі болған жағдайда, АЭЖХА-ге мүше мемлекеттерге жеткізілім қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы ядролық отын жеткізу механизмі ретінде құрылды. АЭЖХА-ның иелігіндегі және Қазақстан аумағында орналасқан ТБУ банкі Агенттік құрылған 1957 жылдан бергі АЭЖХА-ның ең ауқымды және күрделі жобаларының бірі болып отыр.

Споттық нарық

Тоқсан басында спот нарығындағы белсенділік өте шектеулі болды, нәтижесінде қазан айында U3O8 футы үшін уранның споттық бағасы 24,00 АҚШ долларға дейін құлдырады. Осыдан кейін тұтынушылардың сатып алуы мен делдалдардың белсенділігінің артуына байланысты қарашада баға сегіз айлық шеңберіндегі ең жоғары деңгейге 26,10 АҚШ долларға дейін көтерілді. Алайда, жыл аяғында энергетикалық компаниялардың белсенділігінің кезекті төмендеуіне байланысты U3O8 футы үшін уранның споттық бағасы 25,00 АҚШ долларға дейін төмендеді.

Бөгде көздердің деректері негізінде 2019 жылы жасалған спот транзакцияларының көлемі 2018 жылдың көлемінен шамамен 30%-ға аз болды. Алайда U3O8 фунты үшін 25,84 АҚШ долл. деңгейінде орташа апталық спот бағасы бар 63 миллион фунт U3O8 құраған бұл көрсеткіш бәрібір шамасы жөнінен екінші жылдық көлем болып саналады (орташа апталық спот бағасы U3O8 фунты үшін 24,64 АҚШ долл. деңгейінде болған 2018 жылғы рекордтық 89 миллион фунт U3O8-мен салыстырғанда).

Ұзақ мерзімді нарық

Бөгде көздердің деректері бойынша, 2019 жыл қорытындысы бойынша ұзақ мерзімді нарықтағы келісімшарттар көлемі шамамен 96 миллион фунт U3O8 құрады (2018 жылы шамамен 90 миллион U3O8 фунт болған). Ұзақ мерзімді нарықтық белсенділік төртінші тоқсанның соңында өскеніне қарамастан, ол әлі ұзақ мерзімді бағаның елеулі өзгеруіне әкелген жоқ.

Қазатомөнеркәсіптің операциялық қызметінің нәтижелері 1

 

31 желтоқсанда аяқталған үш ай

Өзгеріс

31 желтоқсанда аяқталған жыл

Өзгеріс

(мың тонна U3O8 егер басқаша көрсетілмеген болса)

2018

2019

2018

2019

Өндіріс көлемі (100% негізде)2

5,760

5,926

3%

21,705

22,808

5%

Өндіріс көлемі (қатысты үлес негізінде)3

2,923

3,448

18%

11,476

13,291

16%

Топ сатуларының көлемі (шоғырландырылған)4,5

4,815

8,042

67%

16,647

16,044

(4)%

    ҚАӨ сату көлемі  (Топтың сатуларының көлеміне енгізілген)5,6

4,054

7,231

78%

15,287

14,148

(7)%

ҚАӨ/ТНК мәмілелері бойынша сатулардың орташа бағасы (АҚШ долл./фунт U3O8)7*

27,90

26,08

(7)%

24,37

26,91

10%

Айдың соңындағы споттық бағаларының орташа бағасы (АҚШ долл./фунт U3O8)8*

28,27

25,08

(11)%

24,59

25,64

4%

1 Барлық мәндер алдын ала мәндер болып табылады
2 Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өнімін шығарудың жиынтық көлемін білдіреді және өнім шығарудың осы көлемінің белгілі бір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестеріне немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болатынын ескермейді. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
3 Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар): Компанияның үлестік қатысу мөлшеріне барабар үлесі бар кәсіпорындардың өнімін шығару көлемін білдіреді, тек «Инкай» БК-дағы өндіріс көлемі, онда өндіріс көлемі (қатысты үлес негізінде) Қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектісінде сипатталған формулаға сәйкес есептеледі, және бірлескен кәсіпорындар немесе үшінші қатысушылар бойынша серіктестерге жататын қалған бөлігін қамтымайды. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
4 Топ бойынша сату көлемі: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарының (ҚАӨ: (і) олардың табыстылығына елеулі әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттігі, (ІІ) осындай субъектілермен оның қатысуынан түскен кірістердің өзгеруіне әсері немесе құқығы және (ІІІ) Топ пайдасының мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілермен өз өкілеттіктерін пайдалану қабілеті болуы арқылы бақылайтын компаниялардың) сатуын қамтиды. Маңызды әлеуетті дауыс құқығын қоса алғанда, негізгі құқықтардың болуы және әсері ҚАӨ-нің басқа заңды тұлғаны бақылауын бағалау кезінде ескеріледі).
Топ сатуларының көлемі және ҚАӨ көлемі (Топтың сатуларының көлеміне енгізілген) төртінші тоқсанда АЭЖХА-ның ТБУ банкіне төмен байытылған 42,14 тонна UF6 (~ 315 тонна уран эквиваленті) сатуды есепке алмайды.
6  KAӨ сату көлемі (Топтың өткізу көлеміне енгізілген): ҚАӨ және KazakAtomAG Сауда үйінің (TНK) тек шоғырландырылған сатуын ғана қамтиды. ҚАӨ және TНK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
7 ҚAӨ өткізуінің орташа бағасы: KAӨ және TНK шоғырландырылған сату үшін уран концентратының бір фунтына арналған орташа өлшенген баға. KAӨ және TНK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар енгізілмеген.
8 Дереккөз: UxС, TradeTech. Бағалар әр апта үшін споттық баға белгіленімдерінің орташа мәнін емес, уранға айдың соңындағы споттық баға белгіленімдерінің орташа мәнін білдіреді, өйткені келісімшарттық баға талаптары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты болады.
*кг-ні U3O8 фунтына қайта есептеу коэффициенті 2,5998 болатынына назар аударыңыз.

Төртінші тоқсандағы және жылдық өндіріс көлемге қатысты үлес негізінде де, 100% негізінде де 2018 жылмен және сәйкес кезеңмен салыстырғанда сәл жоғары болды. Болжамдағыдай, ұлғаю 2019 жылы жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша 2019 жылғы анағұрлым жоғары өндіру деңгейімен байланысты болды. Жылдық өндірістің проценттік өсуіндегі айырмашылық, қатысты үлес негізінде де, 100% негізінде де өндірістің әртүрлі деңгейі мен Топ құрамына кіретін әрбір кәсіпорындағы үлестік қатысудың әртүрлі деңгейі себепті, сондай-ақ Топ құрылымындағы өзгерістерге орай бухгалтерлік есептің өзгеруімен байланысты.

2019 жылдың төртінші тоқсанында Топ пен ҚАӨ сату көлемі 2018 жылмен салыстырғанда жоғары болды, бұл көбінесе клиенттердің жеткізілім мерзімін жыл соңына дейін кейінге қалдыруды сұрауларымен байланысты. Топ пен ҚАӨ сату көлемі жыл сайын біршама төмен болды, бұл көлемдердің өсуіне емес, ұзақ мерзімді нарықтық құнын құруға бағытталған маркетингтік стратегияны ұстануды ескергенде, нарықтағы келісімшарттық белсенділіктің төмен деңгейіне байланысты. Клиенттердің сұраныстарына және физикалық жеткізілім мерзімдеріне байланысты, әрбір тоқсандағы сату көлемдерінің елеулі түрде айырмашылығының болуы, ал сатудың тоқсандық көлемдері жылдан жылға өзгеріп отыруы мүмкін.

2018 жылдың төртінші тоқсанында спот бағасының өсуіне және 2019 жылдың дәл осы кезеңіндегі бағаның төмендеуіне байланысты, 2019 жылдың 4-ші тоқсанда орташа сатылым бағасы төмен болды, бірақ жалпы жыл бойынша 2019 жылы жеткізілген материал сатудың орташа бағасы, өткен жылдың нарықтық бағасының орташа деңгейінен жоғары болды. Компанияның келісімшарттық портфелі уранның ағымдағы бағасымен тығыз байланысты.

Жоғарыда келтірілген жылдық барлық операциялық көрсеткіштер мен сату көрсеткіштері 2019 жылға арналған болжамдарға сәйкес келеді.

Қазатомөнеркәсіптің 2020 жылдағы өндіріс пен өткізу көрсеткіштерінің болжалы

2019 жылы айырбас бағамы 1 АҚШ доллары үшін 370 теңгені құрады,
2020 жылы айырбас бағамы 1 АҚШ доллары үшін 390 теңгені құрады

2019 2020
U3O8 өндіріс көлемі (100% негізде)(мың. уран т.)1 22,750 – 22,800 22,750 – 22,800
U3O8 өндіріс көлемі (қатысты үлес негізінде) (мың. уран т.) 2 13,000 – 13,500 13,000 – 13,500
Топтың өткізу көлемі (шоғырландырылған) (мың. уран т.) 15,000 – 16,000 15,500 – 16,500
ҚАӨ сату көлемі (Топтың сатуларының көлеміне енгізілген) (мың. уран т.)4 13,500 – 14,500 13,500 – 14,500

1 Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өнімін шығарудың жиынтық көлемін білдіреді жәнеді өнім шығарудың осы көлемінің белгілі бір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестеріне немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болатынын ескермейді. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
2  Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар): Компанияның үлестік қатысу мөлшеріне барабар үлесі бар кәсіпорындардың өнімін шығару көлемін білдіреді, тек «Инкай» БК-дағы өндіріс көлемі, онда өндіріс көлемі (қатысты үлес негізінде) Қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектісінде сипатталған формулаға сәйкес есептеледі, және бірлескен кәсіпорындар немесе үшінші қатысушылар бойынша серіктестерге жататын қалған бөлігін қамтымайды. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.

3  Топ бойынша сату көлемі: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарының (ҚАӨ: (і) олардың табыстылығына елеулі әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттігі, (ІІ) осындай субъектілермен оның қатысуынан түскен кірістердің өзгеруіне әсері немесе құқығы және (ІІІ) Топ пайдасының мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілермен өз өкілеттіктерін пайдалану қабілеті болуы арқылы бақылайтын компаниялардың) сатуын қамтиды. Маңызды әлеуетті дауыс құқығын қоса алғанда, негізгі құқықтардың болуы және әсері ҚАӨ-нің басқа заңды тұлғаны бақылауын бағалау кезінде ескеріледі).
4 ҚAӨ сату көлемі:  ҚАӨ және KazakAtomAG Сауда үйінің (TНK) тек шоғырландырылған сатуын ғана қамтиды. ҚАӨ және TНK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.

2020 жылы Қазатомөнеркәсіп өндірісінің деңгейі бұдан бұрын айтылған болжалдарға және нарыққа негізделген  стратегияға сәйкес, 2018 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғандағы кезеңде жоспарланған өндіру көлемдерін 20%-ға (Жер қойнауын пайдалану келісімшарттары шеңберінде өндірудің шоғырландырылған жоспарланған деңгейлерімен салыстырғанда) қысқарту ниетін ескерумен сақталады деп болжануда. Қолданыстағы жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына сәйкес, 2020 жылы өндіру 2019 жылғы көрсеткіштерге сәйкес 22 750-22 800 тоннаға жуық уранды құрайды деп болжанады (100% негізде) және 13 000-13 500 тоннаға жуық (қатысты үлес негізінде); көлемдердің қысқаруын ескермегенде 2020 жылы өндіріс деңгейі шамамен 28 500 тонна уран көлемінде болатын еді (100% негізде).

2020 жылға арналған сату көлемі бойынша болжалдар нарыққа бағдарланған стратегияға сәйкес келетін болады және 2019 жылғы көлемдерге ұқсас 15 500 - ден 16 500 тонна уранға дейінгі (Топтың өткізу көлемі)  деңгейінде болжануда. Өндіріс көлемінен асатын сату негізінен қорлар есебінен, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестермен келісімшарттар мен келісімдер бойынша ҚАӨ еншілес және тәуелді кәсіпорындары есебінен және өзге де үшінші тараптардың есебінен жүзеге асырылады деп болжануда.

Компанияның қаржылық нәтижелеріне қатысты 2020 жылға арналған болжамдар 2019 жылғы қаржылық нәтижелермен бірге Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерінің талдауында 2020 жылғы 5 наурызда жарияланатын болады. 

Компания қатысты үлес негізінде жылдық өндірістің шамамен алты-жеті айлық көлемінің деңгейінде табиғи уран қорларының (қоймалардағы қалдықтардың) деңгейін қолдауға ұмтылуын жалғастыруда (THK өткізген сауда-саттық көлемін қоспағанда). Сонымен бірге, Компания үнемі нарық мониторингін жүргізеді және ұзақ мерзімді нарық құнын құру стратегиясына сәйкес, қолайсыз нарықтық жағдайларда, Қазатомөнеркәсіп маусымдық және нарықтық жағдайларға байланысты өндіріс және сату көлемін оңтайландыру үшін кез келген уақыт кезеңінде нысаналы диапазоннан тыс қорлардың деңгейін сақтай алады.

Конференц-қоңырау (2019 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижелерін талдау – 5 наурыз, 2020)

Қазатомөнеркәсіп 2020 жылғы 5 наурызда жарияланғаннан кейін 2019 жылғы операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау үшін конференц-қоңырау өткізуді жоспарлады. Қоңырау Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де / Гринвич бойынша сағат 11:00-де / солтүстік америкалық шығыс уақыты бойынша сағат 06:00-де жоспарланған. Басшылықтың баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын тілінде «Сұрақ-жауап» сессиясы өтеді (сессияның орыс тіліндегі ілеспе аудармасы тек тыңдау үшін ғана қолжетімді болады).

Мүдделі тараптарды келесі телефон нөмірлері бойынша конференц-қоңырау шалуға шақырамыз. Қоңырау шалу кезінде:

  • Қазақстаннан: +7 (8) 717 269 67 38
  • Біріккен Корольдіктен: +44 (0) 80 0408 7373
  • Америка Құрама Штаттарынан: +1 877 890 2416
  • Ресейден: +7 (495) 249 16 84

Конференц-қоңырауға қосылу және «Сұрақ-жауап» сессиясына ағылшын тілінде тікелей қатысу үшін 967065 конференция нөмірін енгізіңіз, сұралған кезде 9084 құпиясөзін енгізіңіз.

Сондай-ақ, еске салу хабарламасын алу үшін қатысушылар төмендегі сілтеме арқылы алдын-ала тіркеуден өте алады (тек ағылшын тілінде):

https://www.speakservecloud.com/register-for-call/1e586533-5fe7-43f2-8cc4-6a1545e58dd7.

Конференц-қоңырауға орыс тілінде қосылу үшін (тек тыңдау режимінде), 932369 конференция нөмірін енгізіңіз, сұралған кезде 6563 құпиясөзін енгізіңіз.

Сондай-ақ, хабарлама алу үшін, қатысушылар төмендегі сілтеме арқылы алдын-ала тіркеуден өте алады (тек орыс тілінде тыңдау режимінде):

https://www.speakservecloud.com/register-for-call/538595ff-7c1c-4371-a1e4-642cd5b6df1b

Конференц-қоңыраудың тікелей эфирі (вебкаст) конференция-қоңырау өтетін күні www.kazatomprom.kz интернет-ресурсының сілтемесі арқылы, ал оның жазбасы  конференция аяқталғаннан кейін қолжетімді болады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның AIX - 2020 Инвестор күні

Қазатомөнеркәсіп Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылғы 6 наурыз күні сағат 9.30-да Astana International Exchange биржасындағы өзінің Инвестор күнін өткізетіні туралы хабарлайды.

Іс-шара және оның тікелей трансляциясы (вебкаст) тек қазақ және орыс тілдерінде өтеді, ағылшын тіліндегі транскрипт іс-шара аяқталғаннан кейін қысқа уақытта Қазатомөнеркәсіптің интернет-ресурсына орналастырылады.

Қазатомөнеркәсіптің AIX-тағы Инвестор күніне тікелей қатысуға онлайн тіркеу және нақты уақыт режимінде вебкасты қарау үшін тіркеу интернет-ресурста www.kazatomprom.kz, сондай-ақ келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://kazatomprom.kz/kz/investors/register

2020 жылдың қазан айында Лондон қор биржасы алаңында өтетін Инвестор күні ағылшын тілінде жоспарланғанына назарларыңызды аударамыз. Аталған іс-шараның егжей-тегжейі үстіміздегі жылы кейінірек жарияланатын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)

Тел: +44 20 7250 1446

Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындарда жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануына басымдық назар бөлінеді.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру