| (AIX)    USD 41.18   %0      KZT 18215   %0     

Қазақстанда алғаш рет World Nuclear Spotlight және World Nuclear Fuel Cycle халықаралық конференциялары өткізілді

25 сәуiр
Қазақстанда алғаш рет World Nuclear Spotlight және World Nuclear Fuel Cycle халықаралық конференциялары өткізілді

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Алматыда 15-18 сәуір аралығында өткен World Nuclear Spotlight және World Nuclear Fuel Cycle Халықаралық конференцияларына қатысты. Іс-шараларды Дүниежүзілік ядролық қауымдастық (World Nuclear Association) американдық ядролық энергия институтымен (Nuclear Energy Institute) бірлесіп ұйымдастырды.

Аталған конференциялар Қазақстанда алғаш рет өткізілді және ел үшін аса маңызды болып табылады. Бұл атом саласының қатысушылары үшін технологияларды дамыту, климаттың өзгеруі, экономика, адами ресурстар және атом энергетикасын қаржыландыру сияқты маңызды бағыттар бойынша білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ететін негізгі алаңдар. World Nuclear Spotlight және World Nuclear Fuel Cycle конференциялары Қазақстан, Америка, Канада, Франция, Қытай, Жапония және басқа елдердің салалық сарапшылары үшін диалог алаңы, сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралы болып табылады.

Оларға атом саласында жұмыс істейтін жетекші сарапшылар мен ірі компаниялардың өкілдері қатысты: Cameco, Orano, Duke Energy Corporation, Électricité de France, China National Uranium Corporation, Sumitomo Corporation, Openco, ConverDyn және басқалар.

Негізгі спикерлер – WNA төрағасы, ČEZ ядролық энергетика жөніндегі бас директоры Богдан Зронек; WNA төрағасының орынбасары, Emirates Nuclear Energy Corporation (ENEC) басқарушы директоры және бас атқарушы директоры Мохамед Аль Хаммади; WNA бас директоры Сама Бильбао-и-Леон; Cameco корпорациясының президенті және бас атқарушы директоры Тим Гитцель (Tim Gitzel); CoverDyn президенті және бас директоры Малкольм Критчли (Malcolm Critchley).

Сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов компанияның стратегиясы мен даму жоспарлары туралы баяндама жасады.

«Қазатомөнеркәсіп ресурстық базаны ұтымды пайдалану бойынша белсенді жұмыс жүргізіп, еліміздің атом өнеркәсібіндегі болашақ дамуы үшін маңызды жаңа кен орындарын геологиялық барлау жұмыстарына үлкен көңіл бөлуде. Компания уран өндіру көлемін ұлғайту арқылы ғана емес, сонымен қатар ядролық отын циклін дамыту арқылы әлемдік нарықтағы позициясын нығайтуды жалғастыруда. Бұл оны жаһандық ядролық энергетиканың тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етудегі негізгі ойыншыға айналдырады», – деді Мейіржан Юсупов.

Бұл іс-шараларды Қазақстанда өткізу елдің халықаралық атом қоғамдастығының негізгі қатысушысы ретіндегі маңызды рөлін және оның атом энергетикасы саласындағы орнықты даму мен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын айғақтайды.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80/69

Email: ir@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесін  www.kazatomprom.kz алуға болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы жалпы әлемдік бастапқы уран өндірісінің шамамен 20%-ын құрайтын Компанияның меншік үлесіне сәйкес табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топтың өнеркәсіптегі ең ірі уран қоры базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірлесе отырып, 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасында орналасқан және денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибелер мен бақылауларға ерекше назар аудара отырып, уран өндіру үшін жерасты шаймалау технологиясын пайдаланады (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған).

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Астана халықаралық биржасында және Қазақстан қор биржасында тіркелген. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі тұтынушылары – ядролық генерациялау объектілерінің операторлары, ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей өзінің Астана қаласындағы (Қазақстан) корпоративтік орталығынан және Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: https://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде, бұның алдында, бұлардан кейін немесе «мақсат», «санаймыз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «әбден мүмкін» сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру