| (AIX)    KZT 18195   %   -0.71 USD 39.87   %   1.14

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2015 жылғы I тоқсандағы өндірістік қызметінің қорытындысы

20 сәуiр 2015
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2015 жылғы I тоқсандағы өндірістік қызметінің қорытындысы

2015 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында (СТХК есептемегенде) 5 534 тонна уран өндірілді, бұл жоспарлық көрсеткіштерге толық сәйкес келеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және бағынышты кәсіпорындарын қоса есептегенде 2015 жылдың I тоқсанында 2 898 тонна уран өндірді.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында Маңғыстау облысы және Ақтау қаласының тұрғындары үшін 1 293, 5 млн кВт*сағат электр энергиясын1 184 мың ГКал жылу энергиясын, 284 млн текше метр су, соның ішінде 2,35 млн текше метр ауыз су өндірді. Бұл көрсеткіштер өңірдің қуат көздері мен суға болған сұранысын толық қамтамасыз етуге жеткілікті.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ есепті кезеңде өндірген бериллий өнімдері 404,054 тоннаны, тантал өнімдері – 30,08 тоннаны және ниобий өнімдері 14,672 тоннаны құрады.

Алғашқы тоқсанда «Уран байыту орталығы» ЖАҚ 571 717 БЖБ (бөлу жұмысының бірлігі 1 кг уранды белгілі деңгейге дейін байытуға жұмсалатын электр энергиясының шығынын сипаттайды) көлемінде уран байыту бойынша қызмет көрсетті.

«SARECO» бірлескен кәсіпорны 2015 жылдың бірінші тоқсанында 67 тонна көлемінде сирек жер металдардың ұжымдық концентратын шығарды.

Пікір қалдыру