| (AIX)    USD 38.34   %0      KZT 18185   %0     

Баспасөз баяны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2014 жылдағы өндірістік қызметінің қорытындысы туралы

27 қаңтар 2015
Баспасөз баяны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2014 жылдағы өндірістік қызметінің қорытындысы туралы

Қазақстан әлемдегі ірі уран өндіруші мемлекеттердің көшбасшысы мәртебесін сақтап қалды. 2014 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 22,829 мың тонна уран өндірілді, бұл жоспарлық көрсеткіштерге толық сәйкес келеді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және бағынышты кәсіпорындарын қоса есептегенде 2014 жылы 13,156 мың тонна уран өндірді.

Ұлттық атом компаниясы 2014 жылы Қазақстан аумағында уранның ресурстық базасын ұлғайтуға бағытталған іздеу-барлау жұмыстарын жалғастырды. Жыл бойы жалпы көлемі 452 946 қума метрді құрайтын 986 геологиялық барлау ұңғымасы бұрғыланды.

«Уран байыту орталығы» ЖАҚ 4 986,5 мың БЖБ (бөлу жұмысының бірлігі 1 кг уранды белгілі деңгейге дейін байытуға жұмсалатын электр энергиясының шығынын сипаттайды) көлемінде дайын өнімді жөнелтті, бұл кәсіпорынның өндірістік жоспары 100,2% орындалғанын көрсетеді.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Маңғыстау облысы және Ақтау қаласының тұрғындары үшін 5 080 000 мың кВт*сағат электр энергиясын, 3 296 000 ГКал жылу энергиясын, 1 235 000 мың текше метр су, соның ішінде 11 400 мың текше метр ауыз су өндірді.

Есепті кезеңде тантал өнімдері өндірісі 154,458 тоннаны, ниобий өнімдері – 72,228 тоннаны, бериллий өнімдері 1776,180 тоннаны құрады.

«SARECO» бірлескен кәсіпорны 2014 жылы 240,4 тонна көлемінде сирек жер металдардың ұжымдық концентратын шығарды. Дайын өнімдер Ресейдегі тұтынушыларға жөнелтіліп, енді Жапонияға да жеткізіп беру жоспарлануда.

2014 жылы «Astana Solar» ЖШС 51 069 күн панелін шығарды, бұл 12,706 МВт энергияны құрайды, (болашақ өндіріс есебінен) соның 13,338 МВт-на (53 979 панелі) отандық компаниялар тарапынан алдын ала келісімшарттар жасалған.

Пікір қалдыру