| (AIX)    USD 38.34   %0      KZT 18185   %0     

Баспасөз баяны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2015 жылғы ІІ тоқсандағы өндірістік қызметінің қорытындысы туралы

30 шiлде 2015
Баспасөз баяны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2015 жылғы ІІ тоқсандағы өндірістік қызметінің қорытындысы туралы

2015 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда (СТХК есептемегенде) 5 883 тонна уран өндірілді, бұл жоспарлы көрсеткіштерге толық сәйкес келеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді кәсіпорындардағы қатысу үлесін қоса есептегенде 2015 жылдың ІІ тоқсанында 3 177 тонна уран өндірді.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ есепті кезеңде 414,76 тонна бериллий, 40,12 тонна тантал және 14,75 тонна ниобий өнімдерін шығарды.

2015 жылғы ІІ тоқсанда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысындағы тұтынушылар үшін 1 134,36 млн кВт*сағ электр энергиясын, 765 мың ГКал жылу энергиясын, 285,7 млн текше метр су, соның ішінде 2,88 млн текше метр ауыз су өндірді. Бұл көрсеткіштер өңірдің энергия ресурстары мен суға болған қажетін қанағаттандыра алады.

Есепті кезеңде «Уран байыту орталығы» ЖАҚ 1 621 267,7 БЖБ (бөлу жұмысының бірлігі 1 кг уранды белгілі деңгейге дейін байытуға жұмсалатын электр энергиясының шығынын сипаттайды) көлемінде байытылған уран өнімін өндіру және жөнелту бойынша жұмыстар атқарды.

«SARECO» БК» ЖШС 2015 жылғы ІІ тоқсанда 1,4 тонна сирек жер металдардың ұжымдық концентратын шығарды.

Екінші тоқсанда «Астана Solar» ЖШС жалпы қуаты 1,844 МВт энергияға тең болатын 6 786 панель жасап шығарды.

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

www.kazatomprom.kz

Пікір қалдыру