| (AIX)    USD 39.74   %0      KZT 18100   %0     

«Кадрлық резерв, кәсіптік бағдар және дуальдық оқыту» Форумы туралы

27 наурыз 2015
«Кадрлық резерв, кәсіптік бағдар және дуальдық оқыту» Форумы туралы

2015 жылғы 17-20 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның корпоративтік оқу орталығы «Қазақстанның ядролық университеті» ЖШС ұйымдастыруымен «Кадрлық резерв, кәсіптік бағдар және дуальдық оқыту» Форумы болып өтті.

Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қаңтардағы Жолдауын орындау аясында Білім берудің дуальдық жүйесінің жол картасын іске асыруға арналды.

Форумда дуальдық оқыту жүйесін енгізу және кәсіпорындардың салалық оқу орындарымен (колледждер, ҚЯУ – корпоративтік оқу орталығы, ЖОО) қарым-қатынасын дамыту арқылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ үшін білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Форум жұмысына тиімділікті басқару, адами капиталды ұйымдастыру және дамыту саласындағы жетекші сарапшы Н.В. Краснова (Мәскеу қ.), әл-Фараби атындағы Қаз МҰУ халықаралық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Н.В. Гилева қатысты. Спикерлер дуальдық оқыту жүйесін әзірлеу кезіндегі қазіргі заманғы үрдістер мен тәсілдемелер, құрамдастырылған оқытудың ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері, практикалық және дуальдық оқытуға жауапты тұлғаларды (тәлімгер-шеберлер) дайындау үдерісін ұйымдастыру туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ, Форум жұмысына ҚР білім және ғылым министрлігі, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, колледждердің және Қазатомөнеркәсіптің дуальдық оқыту бойынша әлеуметтік серіктестік туралы келісімге қол қойған еншілес кәсіпорындарының өкілдері қатынасты.

Пікір қалдыру