| (AIX)    USD 40.6   %0      KZT 18100   %0     

Уран нарығындағы ахуал өндіріс ауқымын арттыруды қажет етпейді

16 қыркүйек 2016
Уран нарығындағы ахуал өндіріс ауқымын арттыруды қажет етпейді

16 қыркүйек 2016 ж.                                                                                Лондон қ.    

 

Уран нарығындағы ахуал өндіріс ауқымын арттыруды қажет етпейді

 

Бұл жөнінде «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Лондонда өтіп жатқан Бүкіл әлемдік ядролық қауымдастық (WNA) Симпозиумында мәлімдеді.

«Қазатомөнеркәсіп өндіретін табиғи уранның өзіндік құны – әлемдегі ең арзандар қатарына жатады, дегенімен біз ұсыныстардың шамадан артық болуына байланысты нарықта орын алған ахуалды екере отырып, өндіріс ауқымын арттыру қажеттілігін көріп отыған жоқпыз», - дейді Асқар Жұмағалиев.

Сонымен қатар, ұлттык атом компаниясының басшысы өндіріс ауқымы қазіргі деңгейде сақталатын болса, елдегі уран қоры 60-70 жылға дейін жетеді, ол салынып жатқан 59 реактор мен жобаланып отырған 168 реактордың сұранысын қанағаттандыратын құнды қор болып табылады, деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Симпозиум барысында Асқар Жұмағалиев жиын қатысушыларына Қазатомөнеркәсіпте өткізіліп жатқан Трансформация бағдарламасы туралы және келесі жылы Астана қаласында өтетін «Экспо-2017» халықаралық көрмесі шеңберінде компания әріптестерімен бірлесіп атом павильонын салатыны жөнінде  баяндады.

Бүкіл әлемдік ядролық қауымдастық (WNA) Симпозиумы барысында Қазатомөнеркәсіп басқарма төрағасы атом саласының ірі компания басшыларымен кездесулер өткізіп, алдағы әріптестік жөнінде келіссөздер жүргізгенін атап өту керек.  

WNA симпозиумы – ядролық энергетика тақырыбын қамтитын ірі форумдардың бірі, қалыптасқан дәстүр бойынша, ол жыл сайын қыркүйек айында Лондон қаласында өткізіледі. Биыл Симпозиум жұмысына әлемнің 35 елінен келген атом өнеркәсібінің 600 тарта маманы қатысты.

Бүкіл әлемдік ядролық қауымдастық – 2001 жылы Лондондағы Уран институты негізінде, атом саласына қарасты компанияларды қолдау және дамыту мақсатында  құрылған халықаралық ұйым. Қазіргі күні ұйым құрамына уран өндірісі мен отын шығарумен  қатар, АЭС энергиясын пайдаланатын компаниялар да кіреді. Атом саласының жетекші компаниялары ассоцияция мүшелері болып табылады.

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 27000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

www.kazatomprom.kz

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

+7 /7172/ 55-13-05

pr@kazatomprom.kz

 

Пікір қалдыру