| (AIX)    KZT 21100   %   0 USD 41.96   %   4.9

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының нәтижелері

19 мамыр 2020
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2020 жылғы 18 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-нан 30 минут өткенде (GMT+6) Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Е-10 көшесі, 17/12 үй, 3-қабаттағы мекенжайы бойынша өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – «АЖЖЖ») отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір негізгі мәселе бойынша дауыс беру нәтижелерін жариялады.

АЖЖЖ жүргізу кезінде орналастырылған акциялардың жалпы саны 259 356 608 дананы құрады, 2020 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша акционерлер тізіміне, сондай-ақ акционерлерге ие номиналды ұстаудағы акциялардың меншік иелері туралы мәліметтерге сәйкес Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы саны 232 202 374 дананы құрады. АЖЖЖ-ға жиынтығында 229 910 200 жай акцияға ие акционерлер мен олардың уәкілетті өкілдері тіркеліп, қатысты, бұл Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 99,01%-ын құрайды. АЖЖЖ отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір негізгі мәселе бойынша акционерлердің дауыс беруі өткізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Шешім

Жақтап

%

Қарсы

%

Қалыс қалу

%

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының Күн тәртібін бекіту туралы

229 910 200

100%

0

-

0

-

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылға арналған жылдық қаржылық есебін (жеке және шоғырландырылған) бекіту туралы

229 910 200

100%

0

-

0

-

Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы

229 910 200

100%

0

-

0

-

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қараудың қорытындысы туралы ақпарат

229 910 200

100%

0

-

0

-

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат

229 910 200

100%

0

-

0

-

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы

221 687 157

96,42%

3 584 723

1,56%

4 638 320

2,02%

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы

224 714 240

97,74%

557 640

0,24%

4 638 320

2,02%

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сатып алған кезде акциялардың құнын айқындау әдістемесін жаңа редакцияда бекіту туралы

 

211 730 281

 

92,09%

 

13 376 368

 

5,82%

 

4 803 551

 

2,09%

 

2019 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы

Компанияның дивидендтік саясаты мен 2019 жылғы қаржылық көрсеткіштері негізінде акционерлер 2019 жылғы пайдадан төленетін 381,72 теңге (үш жүз сексен бір теңге 72 тиын) сомасындағы бір жай акцияға (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең) есептегендегі дивиденд мөлшерін бекітті. Осылайша, дивидендтердің жалпы сомасы 99 (тоқсан тоғыз) миллиард теңгені құрайды.

Акционерлер тізілімінде 2020 жылдың 27 мамырындағы жағдай бойынша жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минутта (GMT+6) тіркелген тұлғаларға 2019 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу 2020 жылдың 28 мамырынан басталады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы

2017 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып табылатын Нил Чарлз Лонгфеллоу акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Джон Дудастың өкілеттігі 2019 жылғы желтоқсанда Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өкілеттігін доғаруына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды және Марк Уильям Кэшер Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі – тәуелсіз директор болып сайланды.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласыңыздар:

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының мәселелері бойынша

Майра Тынымбергенова, Корпоративтік хатшы

Тел: +7 7172 45 81 63

Email: mtnymbergenova@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR и PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, IR и PR департаменті директорының орынбасары

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2019 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындар жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін пайдаланады және денсаулық сақтауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға басымдық беріледі.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ  ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ  ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру