| (AIX)    USD 46.4   %0      KZT 20215   %0     

Директорлар кеңесі отырысының шешімдері

27 маусым 2019
Директорлар кеңесі отырысының шешімдері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (Қазатомөнеркәсіп, Қоғам немесе Компания) Директорлар кеңесінің  (Кеңес) бетпе-бет отырысы 2019 жылдың 26 маусым күні өткізілді.

Отырыс барысында Кеңес облигацияларды мерзімінен бұрын қайта сатып алу (NIN KZ2C0M13F960) және жаңа облигациаларды «Қазақстан қор биржасы» АҚ-на шығару туралы шешім қабылдады, бұл жайлы ақпарат Қоғамның Акцияларын шығару проспектісінде (2018 жылғы қарашада) айтылған болатын. Сонымен қатар Кеңес Қоғамның Басқармасының жаңа құрамын бекітті.

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жаңа облигацияларын шығару және сатып алу

Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің өз облигацияларын (NIN KZ2C0Y13F960) мерзімінен бұрын қайта сатып алу туралы шешімі жайлы, сондай-ақ төменде көрсетілгендей, Қазатомөнеркәсіптің ұзақ мерзімді купондық индекстелген облигацияларын шығару шарттарын анықтау туралы хабарлайды:

1. Облигацияларды шығарудың негізгі шарттарына сәйкес 2019 жылғы 27 қыркүйекке дейінгі мерзімде оларды мерзімінен бұрын өтеу мақсатында Қазатомөнеркәсіптің барлық орналастырылған облигацияларын (NIN KZ2C0Y13F960) қайта сатып алуды жүзеге асыру:

  • Қайта сатып алынатын облигациялардың түрі: қамтамасыз етусіз индекстелген купондық облигациялар
  • Облигациялардын саны: 70 000 000 (жетпіс миллион) дана
  • Бір облигацияның номиналдық құны мен номиналды құн валютасы: 1 000 (бір мың) теңге
  • Облигация шығарудың номиналдық көлемі: 70 000 000 000 (жетпіс миллиард) теңге
  • Облигациялардың айналым мерзімі: орналастырылған күннен бастап 13 ай (2019 жылғы 11 қарашаға дейін)
  • Облигациялар орналастырылған нарық: ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы
  • Облигацияларды қайта сатып алу облигациялар бойынша есептелген сыйақыны тиісті төлеумен бір мезгілде индекстелген номиналды құны бойынша жүргізіледі.

2. Компанияның барлық орналастырылған облигацияларын қайта сатып алу туралы шарттарды сақтаған кезде Қазатомөнеркәсіп (NIN KZ2C0Y13F960) облигацияларының шығарылымын жою.

3. Қазатомөнеркәсіп ұзақ мерзімді купондық индекстелген облигацияларын шығару шарттарын анықтау және оларды келесі негізгі шарттарда шығаруды жүзеге асыру:

  • Сатып алынатын облигациялардың түрі: қамтамасыз етусіз индекстелген купондық облигациялар
  • Облигациялардын саны: 70 000 000 (жетпіс миллион) дана
  • Бір облигацияның номиналдық құны мен номиналды құн валютасы: 1 000 (бір мың) теңге
  • Облигация шығарудың номиналдық көлемі: 70 000 000 000 (жетпіс миллиард) теңге
  • Шығарылатын облигациялардың айналым мерзімі: Облигацияларды орналастыру бойынша бірінші сауда-саттық өткен күннен бастап 61 ай
  • Облигацияларды орналастыру жоспарланған нарық: "Қазақстан қор биржасы"АҚ Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында

 

Қазатомөнеркәсіп Басқармасының жаңа құрамы

Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Басқарма құрамына екі жаңа мүшесі косылды.

Дәурен Құнанбаев, Өндіріс жөніндегі бас директор. Әр жылдары коммерциялық, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда жалпы жұмыс өтілі 17 жылдан астам басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорындарын, "СКК" ЖШС мен "Бетпақ Дала" ЖШС басқарды. Компанияда 2014 жылғы желтоқсаннан бастап Өндіріс жөніндегі басқарушы директор, 2018 жылғы шілдеден бастап "Уран өндіру" дивизионының басқарушы директоры лауазымында жұмыс істейді. 2019 жылдың маусым айынан бастап Қазатомөнеркәсіптің Өндіріс жөніндегі Бас директоры болып тағайындалды. Дәурен Құнанбаев осы лауазымда және Басқарма мүшесі  ретінде Марат Ниетбаевты зейнет жасына жетуіне байланысты алмастырды.

Бексұлтан Бекмұратов, Трансформация және ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директоры. Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін "инженер" мамандығы бойынша бітірген. "Алтын Қыран" ЖШС Бас директорының көмекшісі, Royal Dutch Shell-дегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі маман, трансформацияның жобалық кеңсесінің менеджері және одан әрі "Самұрық-Қазына" АҚ-дағы трансформация жобаларының портфелін басқару жөніндегі директор сияқты әртүрлі лауазымдарда 10 жылдан астам тәжірибесі бар. 2018 жылдың ақпан айынан бастап Компанияда трансформация және АТ жөніндегі бас директор болып жұмыс істейді.

2019 жылдың 27 маусымдағы жағдай бойынша Қазатомөнеркәсіптің Басқарма құрамы:

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуыңызға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz  

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)
Тел: +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ірі табиғи уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізіндегі табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ уранның саладағы аса ірі резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындарының барлығы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, олар денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың алдыңғы қатарлы тәжірибелері мен құралдарына айрықша назар аудара отырып, жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің құнды қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы. Топтың негізгі клиенттері – атом қуатын өндіруші операторлар, ал өнімін шығаратын негізгі экспорттық нарығы – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа елдері. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Trading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ - ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру