
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанаттты жиналыс болып өтті.
Ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев орталық аппарат және еншілес кәсіпорындар қызметкерлерін ең басты мемлекеттік мерекемен құттықтады. Ол тәуелсіз Қазақстанның дамуына атом саласы қызметкерлері елеулі үлес қосқанын атап көрсетті.
Салтанатты жиын барысында Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысы атынан Қазатомөнеркәсіптің үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар – «Құрмет» және 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін» медалін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалін тапсырды. Жалпы орден және медальдармен холдингтің 60 астам қызметкері марапатталды.