2024 жылы «БАЙКЕН-U» ЖШС Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосты. Жыл бойы әр түрлі бағыттағы жобаларға жалпы 39 258 100 теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл қаражат халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға, білім мен мәдениетті дамытуға және ауданның маңызды инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге бағытталды.
Отбасылар мен балаларды қолдау
Компания әсіресе қиын жағдайдағы отбасыларға көмек көрсетуді және балалардың болашағына инвестиция салуды басты назарда ұстайды.
* Көпбалалы аналарға құрмет
8 наурыз мерекесі қарсаңында «Байкенже» ауылдық округіндегі 55 көпбалалы анаға 1 026 000 теңгеге азық-түлік жиынтықтары мен гүлдер табысталды.
* Жазғы демалысты ұйымдастыру
Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 27 баланың жазғы демалысын қамтамасыз ету үшін 3 780 000 теңгеге жазғы лагерьге жолдамалар сатып алынды.
* «Мектепке жол» акциясы
Республикалық акция аясында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 25 оқушы 1 212 100 теңгеге мектеп сөмкелерімен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.
* Балалар мерекесі
Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізу үшін 520 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
* Жаңа жылдық сыйлықтар
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы 100 балаға 1 000 000 теңгеге Жаңа жылдық сыйлықтар алынды.
Ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық
Біз аға буынның еңбегін құрметтеп, оларға қолдау көрсетуді дәстүрге айналдырдық.
* Жеңіс күніне құрмет
Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген 28 адамға 500 000 теңгеге азық-түлік жиынтықтары табысталды.
* Санаторийге жолдама
«Байкенже» ауылдық округінің 4 ардагеріне 660 000 теңгеге санаторийлік-курорттық емделуге жолдамалар алынды.
* Мүгедектерге көмек
«Байкенже» ауылдық округінде тұратын мүгедектерге 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.
Аудан инфрақұрылымын және қоғамдық шараларды қолдау
Компания жергілікті билікпен тығыз байланыста жұмыс істеп, ауданның маңызды мәселелерін шешуге атсалысты.
* Су тасқынына қарсы күрес
Сәуір айында Жаңақорған ауданының әкімдігіне су тасқынына қарсы іс-шараларға 1 100 000 теңге көмек көрсетілді.
* Ауылдарды газдандыру
Жаңақорған ауданының 5 елді мекенін газдандыруға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 27 100 000 теңге бөлінді.
* Мерекелік іс-шараларды қолдау
Наурыз мерекесіне орай 560 000 теңгеге қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Байкенже» ауылдық округінің 60 жылдығын тойлауға 800 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді