| (AIX)    USD 37.95   %0      KZT 18400   %0     

ҚР энергетика вице-министрі Қызылорда облысындағы уран өндіруші кәсіпорында болды

27 ақпан 2023
ҚР энергетика вице-министрі Қызылорда облысындағы уран өндіруші кәсіпорында болды

26 ақпанда Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Қазатомөнеркәсіптің уран өндіруші кәсіпорны «Байкен-U» ЖШС-те болды. 

Вице-министр «Хорасан-2» кенішінің өндірістік алаңдарын аралап, вахтадағы жұмыскерлердің еңбек және тұрмыс жағдайларымен танысты. Ол қызметкерлердің әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін Қазатомөнеркәсіп қабылдаған шараларға оң баға беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экологиясына қосқан компанияның елеулі үлесін атап өтті.

Сондай-ақ, вице-министрдің жұмыс сапары аясында 28 ақпан күні тұрғындармен кездесу өтеді, оған Қазатомөнеркәсіп және Қызылорда облысында орналасқан атом холдингі кәсіпорындарының басшылары қатысады.

Пікір қалдыру