| (AIX)    USD 40   %0      KZT 18175   %0     

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелері

20 мамыр 2021
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2021 жылғы 20 мамырда жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 30 минутта (GMT+6) жүргізілген акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – «АЖЖЖ») отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір түйінді мәселе бойынша сырттай дауыс беру нәтижелерін жариялады.

АЖЖЖ өткізу кезінде орналастырылған акциялардың жалпы саны 259 356 608 болды. 2021 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша акционерлердің тізіміне, сондай-ақ акционерлер иеленген номиналды ұстаудағы акциялардың меншік иелері туралы мәліметтерге сәйкес Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы саны 223 512 949 дана болды. АЖЖЖ - ға акционерлер мен олардың уәкілетті өкілдері дауыс берді, олар жиынтығында 221 811 147 жай акцияны иеленді, бұл компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 99,24% - ына тең.

АЖЖЖ отырысының күн тәртібіне енгізілген барлық негізгі мәселелер бойынша акционерлердің дауыс беруі өткізіліп, шешімдер қабылданды.

 

Шешім

Жақтады

%

Қарсы болды

%

Қалыс қалды

%

1. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2020 жылға арналған (жеке және шоғырландырылған) жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

221 811 147

100%

0

-

0

-

2. Жаңа редакциядағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Дивидендтік саясатын бекіту туралы.

206 829 215

93,25%

7 339 431

3,31%

7 642 501

3,44%

3. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2020 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және 2020 жылдың қорытындылары бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту жайлы шешім қабылдау туралы.

221 811 147

100%

0

-

0

-

4. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат.

221 811 147

100%

0

-

0

-

5. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.

210 043 859

94,69%

11 511 195

5,19%

256 093

0,12%

6. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

200 151 521

90,24%

13 472 166

6,07%

8 187 460

3,69%

7. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы.

201 162 305

90,69%

12 465 860

5,62%

8 182 982

3,69%

8. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы.

    201 162 305

90,69%

12 465 860

5,62%

      8 182 982

3,69%

 

Жаңа редакциядағы Дивидендтік саясатты бекіту және 2020 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу туралы

Акционерлер Компанияның жаңа редакциядағы Дивидендтік саясатын бекітті. Дивидендтік саясаттың негізгі өзгерістері туралы қысқаша ақпарат Қазатомөнеркәсіптің веб-сайтында мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.kazatomprom.kz/ru/investors/devidenti

Акционерлер жаңа редакциядағы Дивидендтік саясатты басшылыққа ала отырып, 2020 жылдың қаржылық көрсеткіштері негізінде 2020 жылғы пайдадан төленетін 578,67 теңге (бес жүз жетпіс сегіз теңге 67 тиын) сомасында бір жай акцияға (бір ҒДҚ бір жай акцияға тең) есептегендегі дивиденд мөлшерін бекітті. Осылайша, дивидендтік төлемдердің жалпы сомасы шамамен 150 (жүз елу) миллиард теңге болды.

2020 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтерді төлеу 2021 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша акционерлер тізілімінде тіркелген адамдарға 2021 жылғы 15 шілдеден жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минут (GMT+6) басталады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы

АЖЖЖ шешімімен Компанияның Директорлар кеңесінің сандық құрамы жетіден сегіз адамға дейін ұлғайтылды және Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі, төртінші тәуелсіз директор ретінде Әсем Мамутова сайланды.

Мамутова ханымның биржалық емес металдарды өндіру және сату саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар, 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасының ірі металлургиялық кәсіпорындарының бірі және титан өндірісіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі – «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының мәселелері бойынша

Майра Тнымбергенова, Корпоративтік хатшы

Тел: +7 7172 45 81 63

Email: mtnymbergenova@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі  www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде,  бұның алдында, бұлардан  кейін немесе   "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру