| (AIX)    USD 34.9   %0      KZT 17695   %0     

Инвестициялық қоғамдастық өкілдері Қазатомөнеркәсіптің кеніштеріне барды

4 қазан 2024
Инвестициялық қоғамдастық өкілдері Қазатомөнеркәсіптің кеніштеріне барды

30 қыркүйек - 2 қазан күндері әлемнің түкпір-түкпірінен келген инвестициялық қоғамдастық өкілдерін Қазатомөнеркәсіп кеніштерінде бас қосты. Іс-шара бағдарламасы «Байкен-U» ЖШС және «Хорасан-U» ЖШС өндіру кәсіпорындарына баруды қамтып, сапар барысында қатысушылар компанияның жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) әдісімен уран өндіру және өңдеудің толық циклімен танысуға мүмкіндік алды.

Іс-шараның барлық қатысушылары Қазатомөнеркәсіптің ЖҰШ әдісі қолданылатын барлық өндірістік процестердің жетекші экологиялық және әлеуметтік стандарттарға сәйкестігінің жоғары деңгейіне көз жеткізді. Қазатомөнеркәсіп ESG жоғары көрсеткіштерін одан әрі қолдауға ұмтылады және осы салаға ерекше назар аударуды жалғастыра береді.

Инвесторлар мен талдаушылардың кеніштерге сапары Қазатомөнеркәсіптің жаңа кен орындарын барлау мен ресурстық базаны толықтыруды көздейтін стратегиялық бағытын көрсетуге тамаша мүмкіндік берді. Олар компанияның кен орындарында бұрғылау және іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын көрді.

Қатысушылар өндірістік персонал мен жергілікті басқару командасының кәсібилігі мен құзыреттілік деңгейіне өз құрметі мен ризашылықтарын білдірді. Қазатомөнеркәсіп басшылығы бірнеше рет атап өткендей, компанияның басты құндылығы – адамдар. «Кадрлар бәрін шешеді» деген сөз әрқашан өзекті, сондықтан Қазатомөнеркәсіпте спорттық және мәдени іс-шараларды өткізуді қоса алғанда, жұмыс пен демалыс үшін барлық жағдайлар жасалған. Бұл әсіресе үйден тыс жерде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге қатысты. Жұмысшылардың тұрақтылықты, сенімділікті сезінуі және өз идеяларын басшылыққа жеткізу мүмкіндігі болуы маңызды.

Сапар қорытындысы бойынша инвесторлар мен сарапшылар геосаяси белгісіздік пен тәуекелдердің сақталуына қарамастан, сондай-ақ нарықтың бөлінуі туралы жалғасып жатқан әңгімелер аясында Қазатомөнеркәсіп тәуекел деңгейі төмен юрисдикцияда бола отырып және ESG талаптарына сай табиғи уранның сенімді жеткізушісі ретінде өзінің жетекші позициясын сақтай алатынына көз жеткізді.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80/69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Алтынай Кәрібжанова, PR департаменті директорының м.а.

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарламаның көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қол жетімді

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20% мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал топтың негізгі клиенттері - Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарықта тікелей Астана қаласындағы корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, trading House KazakAtom (ТҰК) арқылы сатады.

Неғұрлым толық ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсқа кіріңіз

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «болжаймыз», «ниет етеміз», «мүмкін», «болжау», «бағалау», «жоспар», «жоба», «болады» сияқты сөздер қолданылатын, бірақ олармен шектелмейді, «болуы мүмкін», «қажет», «керек», «мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары мәлімдемелер кіруі мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру