2026 жылғы 13-15 мамыр аралығында Алматы қаласында «Уран және сирек металдар өнеркәсібінің дамуы» тақырыбында XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Қазақстан Республикасы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы атынан әлемнің әртүрлі елдеріндегі әріптестеріне атом энергетикасын қауіпсіз дамыту саласындағы ынтымақтастыққа кең мүмкіндіктер ашып, саланың минералдық-шикізаттық, технологиялық, зияткерлік және экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану және еселеу бойынша ауқымды жұмыс бағдарламасын жүзеге асырады.
Конференцияның мақсаты – әлемнің ядролық индустрия компанияларының ғылыми-техникалық интеграциясына жәрдемдесу.
Алдағы конференцияда атом саласының өзекті мәселелері жеті негізгі секцияда қаралады:
Секция 1. Геология, геотехнология және тау-кен дайындық жұмыстары
Секция 2. Уран өндіру және өңдеу технологиялары
Секция 3. Реакторға дейінгі ядролық отын циклінің технологиялары мен өзекті мәселелері
Секция 4. Сирек, сирек жер металдарын және олардың негізінде жоғары технологиялық өнімдерді өндірудің ресурстары мен тиімді технологиялары
Секция 5. Атом саласындағы кәсіпорындардың қауіпсіз жұмыс істеуі және техногендік қалдықтарды басқару, өндірістік қауіпсіздікті басқару
Секция 6. Тұрақты даму, соның ішінде экология, әлеуметтік сала және корпоративтік басқару (ESG) мәселелері, атом саласының жұмыс істеуінің құқықтық, макроэкономикалық және білім беру аспектілері
Секция 7. Атом саласындағы цифрландыру, автоматтандыру және роботтандыру
Маңызды күндер:
2026 ж. 28 ақпан - Конференцияға қатысу туралы өтінімдерді және жинаққа арналған баяндамалар мәтіндерін (MS Word форматында) қабылдаудың аяқталатын күні
2026 ж. 31 наурыз - Баяндамалардың таныстырылымдарын (MS Power Point форматында) қабылдаудың аяқталатын күні
Конференцияны өткізумен байланысты сұрақтар бойынша:
Айдана Әбдіқалық, Ғылым және сирек металдар департаментінің менеджері
Тел.: +7 (7172) 45 80 42 іш. 10354
Email: aabdikalyk@kazatomprom.kz