| (AIX)    USD 37.15   %0      KZT 18655   %   -0.74

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2024 жылдың 3-тоқсанындағы қаржылық нәтижелері

28 қараша 2024
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2024 жылдың 3-тоқсанындағы қаржылық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) 2024 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш және тоғыз ай үшін аудитордың шолу тексерісімен Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған аудиттелмеген қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады, онымен Компанияның корпоративтік сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: www.kazatomprom.kz.

Үш ай және тоғыз ай үшін аралық қаржылық есептілікті жариялау Лондон қор биржасының (LSE) немесе Astana International Exchange (AIX) биржасының Қазатомөнеркәсіпке қолданылатын листингтік талабына жатпайды, бірақ Компания Қазақстан қор биржасында (KASE) орналастырылған облигацияларға қатысты реттеу талаптарға сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті жариялады. Бұрын Компания АҚШ долларына индекстелген облигациялардың толық өтелгені туралы хабарлады. Қазатомөнеркәсіп облигацияларының айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты бұл бағалы қағаздар 2024 жылғы 28 қазанда KASE ресми тізімінен шығарылды. Дегенмен, Компания қаржылық есептілікті тоқсан сайынғы негізде жариялауды жалғастыруды жоспарлап отыр, бұл ақпаратты жариялау периметрін өзгеріссіз сақтайды.

Компания 2024 жылдың 4-тоқсанындағы операциялық нәтижелерді 2025 жылғы 3 ақпанға дейін және 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын 2024 жылдың аудиттелген қаржылық есептілігін Қаржылық жай-күйі мен қызмет нәтижелерін талдаумен (OFR) бірге Лондон қор биржасында (LSE) сауда-саттық ашылғанға дейін 2025 жылдың наурыз айының ортасында жариялауды жоспарлап отыр.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Алтынай Кәрібжанова, PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2023 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 20%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын/учаскені игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасы мен Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру