| (AIX)    USD 41.18   %0      KZT 18215   %0     

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылғы өндірістік қауіпсіздік жөніндегі қызметін қорытындылады

16 ақпан
Қазатомөнеркәсіп 2023 жылғы өндірістік қауіпсіздік жөніндегі қызметін қорытындылады

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да 2023 жылғы өндірістік қауіпсіздік жөніндегі қызметтің қорытындылары мен 2024 жылға арналған міндеттерге арналған HSE бойынша XXVI корпоративтік кеңесі өтті. Іс-шараға Қазатомөнеркәсіптің және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, «Самұрық-Қазына» АҚ және оның портфельдік компанияларының өкілдері, ұлттық атом компаниясының серіктестері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды, өнеркәсіптік, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қамтитын өндірістік қауіпсіздік - атом холдингі қызметінің басым бағыттарның бірі болып табылады. Қазатомөнеркәсіп Қазақстандағы Vision Zero халықаралық бағдарламасына қосылған алғашқы ұлттық компания, оның мақсаты – өндірістегі жарақаттанудың нөлдік деңгейіне қол жеткізу. Компания HSE барлық аспектілерінде ашықтық принципін басшылыққа ала отырып, қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін үнемі жетілдіріп отырады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Арман Арғынғазин компанияның әрбір қызметкердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлетінін айтып, сонымен қатар қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығына тоқталды.

«Экологиялық жауапкершілік Қазатомөнеркәсіп қызметінің негізгі аспектісі болып қала береді. Жаһандық климаттық сын-қатерлер жағдайында біз табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың және қоршаған ортаға әсерді азайтудың маңыздылығын түсінеміз. Компания экология саласындағы халықаралық стандарттарға сай болып қана қоймай, қоршаған ортаға әсерді үнемі төмендетуге бағытталған үздік тәжірибелер мен инновациялық тәсілдерді қолдануда көшбасшы болуға ұмтылады», - деді Арман Арғынғазин.

Өткен жылдың негізгі қорытындыларына тоқталған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов өндірістік қауіпсіздік бойынша барлық көрсеткіштердің орындалғанын, сондай-ақ экология және жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кейбір көрсеткіштердің жақсарғанын атап өтті.

«Компания қауіпсіздік және экологиялық жауапкершілік мәдениетін одан әрі дамытуды жалғастырады, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік саласындағы өз қызметін, оның ішінде IT-технологияларды және жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыруда тәуекелге негізделген тәсілді қолдана отырып жетілдіруге ниетті. HSE мәселелерінде өндірістік персоналдың да, барлық деңгейдегі басшылардың да жоғары дәрежеде тартылуын қамтамасыз ету корпоративтік қауіпсіздік мәдениетін жақсартудың маңызды факторы болып табылады», - деді Мейіржан Юсупов.

Корпоративтік кеңес аясында HSE саласындағы жетістіктері үшін атом холдингінің қызметкерлері мен кәсіпорындарын марапаттау рәсімі өтті. «Өндірістік қауіпсіздік саласындағы үздік кәсіпорын» байқауының қорытындысы бойынша 1-орын «Қаратау» ЖШС, 2-орын «Үлбі металлургия зауыты» АҚ және 3-орын «ОТХК» БК» ЖШС-не берілді. Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасының сыйлығымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленген кәсіпорын қызметкерлері марапатталды.

Қазатомөнеркәсіп қоршаған ортаны сақтай отырып және өзінің өндірістік қызмет орындарында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ете отырып, өзі орналасқан аймақтардағы қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күш-жігерін салуды жалғастырады.  

 

Фоторепортаж

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

 

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

 

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру