6-7 маусымда Астанада Astana Mining & Metallurgy 14-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі өтті. Биылғы конгресстің басты тақырыбы «Металдар дәуірі – сын-тегеуріндер мен шешімдер» болды. Ол Қазақстанның «жаңа мұнайға» және ел экономикасының маңызды секторына айналған сирек жер металдарын өндіру мен өңдеудің келешегін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазатомөнеркәсіп уран мен оның қосылыстарын, энергетикалық станциялар үшін ядролық отынды экспорттау және импорттау жөніндегі ұлттық оператор болып белгіленді. Компанияның сирек металдар саласындағы қызметі (тантал, ниобий және бериллий өндірісі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялардың қызметін ажыратуға сәйкес жүзеге асырылады.
Іс-шара аясында Қазатомөнеркәсіп уран және сирек металдар өндірісінің жаңа перспективаларына арналған сессиясы өтті.
«Қазақстан жыл сайын табиғи уранның бастапқы өндірісінің 40%-ға жуығын қамтамасыз ете отырып, уран өндіру саласында көшбасшы позицияда. Қазатомөнеркәсіп ұлттық оператор ретінде Қазақстанда да, шетелде де қалыптасқан әріптестік қатынастарға ие және өзінің көлік маршруттары мен клиенттік базасын әртараптандыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Біз бүкіл әлем бойынша атом электр станциялары үшін уранды тұрақты және сенімді жеткізуді қамтамасыз етуге белсенді қатысуды жалғастырамыз», - деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ стратегия және халықаралық даму жөніндегі бас директоры Дастан Көшербаев.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ геологиялық барлау және сирек және сирек жер металдарды (СМ және СЖМ) дамыту жөніндегі басқарушы директоры Қайырхан Тұтқышбаев компанияның СМ және СЖМ саласындағы қазіргі жұмысы, сондай-ақ оның сирек металдар өндірісіндегі әлеуеті туралы айтты. Ол уран өндірісінің өнімдерінен сирек жер металдарын ілеспе алу, рений алу технологияларын әзірлеу және сирек металдардың минералды-шикізат базасын толықтыру бойынша іске асырылып жатқан жобалар туралы хабарлады. Бұл күш-жігер тантал мен бериллий өнімдерін өндіру үшін отандық минералды-шикізат базасын құруға бағытталған компанияның ғылыми-технологиялық даму Бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ол қосылған құны жоғары жаңа өнімдерді жасауға бағытталған жобалар бойынша жұмыстарды атап өтті. Мұндай жобаның мысалы ретінде сфероидталған тантал ұнтақтарын және бериллий негізіндегі металаралық қорытпаларды өндіруді айтуға болады.
Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны – «Үлбі металлургия зауыты» АҚ қызметі туралы толық ақпарат берілді. Зауыт бериллий өндірісінің толық интеграцияланған циклі бар әлемдегі үш кәсіпорынның бірі және ТМД-дағы тантал өндіретін жалғыз зауыт болып табылады.
Конгресс шеңберінде тау-кен металлургия саласының мамандары үшін республикалық маңызы бар ең беделді марапат болып табылатын «Алтын Гефест» ұлттық салалық конкурсын марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша Қазатомөнеркәсіп «Үздік ESG-стратегия» номинациясы бойынша 2 орынды және «Қазатомөнеркәсіптің еншілес және тәуелді ұйымдары қызметкерлерінің балаларына арналған IQANAT білім беру лагері» жобасымен «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша 3-ші орынды иеленді. «ОТХК» БК» ЖШС кенішінің бас инженері Алексей Михеев «Жыл кәсіпқойы (байытушы)» номинациясында 2-ші орынды иеленді.
Astana Mining & Metallurgy конгресі Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі маңызды рөлін тағы бір рет растады. Ал Қазатомөнеркәсіптің инновациялық технологиялары мен перспективалық жобалары оның уран өндіру және сирек металдар өндірісіндегі көшбасшылығын нығайтты.
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша
Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80/69
Email: ir@kazatomprom.kz
Осы хабарландырудың көшірмесін www.kazatomprom.kz алуға болады.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы жалпы әлемдік бастапқы уран өндірісінің шамамен 20%-ын құрайтын Компанияның меншік үлесіне сәйкес табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топтың өнеркәсіптегі ең ірі уран қоры базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірлесе отырып, 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасында орналасқан және денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибелер мен бақылауларға ерекше назар аудара отырып, уран өндіру үшін жерасты шаймалау технологиясын пайдаланады (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған).
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Астана халықаралық биржасында және Қазақстан қор биржасында тіркелген. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі тұтынушылары – ядролық генерациялау объектілерінің операторлары, ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей өзінің Астана қаласындағы (Қазақстан) корпоративтік орталығынан және Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.
Толық ақпарат біздің сайтымызда: https://www.kazatomprom.kz.
Болашаққа қатысты мәлімдемелер
Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде, бұның алдында, бұлардан кейін немесе «мақсат», «санаймыз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «әбден мүмкін» сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.