| (AIX)    USD 39.74   %0      KZT 18100   %0     

Қазатомөнеркәсіп АЭХА-ның URAM-2023 Халықаралық симпозиумына қатысты

12 мамыр 2023
Қазатомөнеркәсіп АЭХА-ның URAM-2023 Халықаралық симпозиумына қатысты

8-12 мамыр аралығында Вена қаласында (Австрия) АЭХА қамқорлығымен төрт жылда бір рет өтетін «Ядролық отын цикліне арналған уран шикізаты» (URAM-2023) халықаралық симпозиумы өтті.

Салалық іс-шарада әлемнің түкпір-түкпірінен АЭХА-ге қатысушы елдердің сарапшылары, ғалымдары мен өкілдері соңғы әзірлемелер мен инновацияларды, сондай-ақ уран өнеркәсібімен байланысты қауіпсіздік және техникалық, әлеуметтік, экологиялық аспектілерді талқылады.

Мамандандырылған конференцияда АЭХА Бас директоры Рафаэль Гросси, симпозиум төрағасы Сюзан Холл, симпозиум Төрағасының тең ұйымдастырушы - орынбасары, атом холдингінің делегациясын басқарған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі бас директорының м.а. Әлия Ақжолова баяндама жасады.

Өз сөзінде Әлия Ақжолова «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») қызметі, компанияның әлемдік нарықтағы орны мен рөлі, уран мен ядролық отынды Қазақстаннан клиенттер үшін тасымалдау туралы ақпарат берді.

Спикер маңызды жетістіктер туралы айта келе, компания табысының құпияларымен бөлісті. Қазатомөнеркәсіп бүгінде – әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші және сатушы. 2022 жылдың қорытындысы бойынша компанияның үлесіне уран өндірісінің әлемдік көлемінің шамамен 22% - ы тиесілі. Атом холдингінің активтеріне геологиялық барлау, уран өндіру, ядролық отын циклі өнімдерін өндіруден бастап ғылымға, әлеуметтік қамсыздандыруға және кадрлар даярлауға дейінгі түпкілікті өнім өндіру тізбегіне тартылған кәсіпорындардың барлық кешені кіреді. Қазатомөнеркәсіптің кәсіпорындары уранды жер асты ұңғымалық шаймалау әдісімен өндіруді жүзеге асырады, бұл компания қызметінің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтады.

- Тұрақты даму Қазатомөнеркәсіпті дамыту стратегиясының іргелі құрамдас бөлігі, ал ESG жаһандық күн тәртібімен байланысты мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді орындау компания жоспарларының ажырамас бөлігі болып табылады. Уран өндіру саласының әлемдік көшбасшысы ретінде, Қазатомөнеркәсіп көміртегісіз базалық қуаттардың көмегімен таза энергетикаға көшуге ықпал етеді. Табиғи уран ғаламшар үшін таза ядролық энергия өндіруге қабілетті болғанға дейін өндіріс пен өңдеудің бірнеше кезеңдерінен өтеді. 2022 жылы БҰҰ-ның жаһандық келісіміне қосыла отырып, атом холдингі тұрақты даму саласындағы ауқымды бастамаларды қолдады. Компания парниктік газдар шығарындыларын жүйелі түрде төмендетуге бағытталған 2060 жылы көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу және көміртекті декарбонизациялау стратегиясын әзірледі. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелілігінің дәлелдерінің бірі компанияға ESG бағасын беру деп санауға болады, - деп атап өтті өндіріс жөніндегі бас директордың м.а. Әлия Ақжолова. - Қазатомөнеркәсіп әлеуметтік даму саласында қазіргі және болашақ ұрпақтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында компания қатысатын өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының тұрақты өсуіне ықпал етеді. Кәсіпорындар қызметінің әсерін барынша азайту және жұмсарту, үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін жаңа экологиялық таза технологиялар мен процестерді әзірлеу және енгізу компанияның Даму стратегиясының негізі болып табылады.

Сондай-ақ, симпозиумдағы жеке сессия ядролық энергетикадағы гендерлік саясатқа арналды. Әлия Ақжолова осы бастаманы ілгерілету үшін Қазатомөнеркәсіптің қабылдаған шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атом холдингі гендерлік теңдік қағидатын қолдайды және әйелдерді көшбасшылық позицияларға белсенді тартады. Бүгінгі таңда Қазатомөнеркәсіптің еншілес ұйымдарының байқау кеңестері мен Директорлар кеңестеріндегі әйелдердің үлесі 21%-ды құрайды, 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 30% - ға дейін арттыру жоспарлануда. Компания әйелдердің кәсіби және жеке әлеуетін ашуға, сондай-ақ әйелдердің маңызды міндеттерді шешудегі рөлін күшейтуге бағытталған гендерлік теңдік бағдарламасына табысты қатысып келеді.

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша

Ерлан Магзумов, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

E-mail: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша

Сабина Кумурбекова, PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек, PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 22

E-mail: pr@kazatomprom.kz

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп - 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22%  мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады және топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің  интернет-ресурсымызда: www.kazatomprom.kz

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру