| (AIX)    USD 41.18   %0      KZT 18215   %0     

Мемлекет пайдасына төленетін төлемдер бойынша есеп

25 маусым 2020
Мемлекет пайдасына төленетін төлемдер бойынша есеп

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Компания») DTR 4.3 A сәйкес компания және оның еншілес кәсіпорындары мемлекеттерге 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде және 2015 жылғы желтоқсанда енгізілген өзгерістермен 2014 жылғы мемлекеттердің пайдасына төленген төлемдер бойынша есептер туралы Ұлыбританияның ережелеріне сәйкес қажетті есептік ақпаратты ұсынатыны туралы хабарлайды.

 

1. Елдер бойынша 2019 жылғы есеп (млн теңгемен берілген)

 

Төлем түрі

 

Үкімет (мемлекет):

 

КТС

 

ПҚӨС

 

Бонустар

Инфрақұрылымды жақсарту үшін төлемдер

 

Өзге

 

Барлығы

Қазақстан

54,493

23,878

5

   1,219

6,442

86,037

 

2. Мемлекетке жасалған төлемдер бойынша 2019 жылғы есеп (млн. теңгемен берілген)

 

Төлем түрі

 

Мемлекеттік орган

 

КТС

 

ПҚӨС

 

Бонустар

Инфрақұрылымды жақсарту үшін төлемдер

 

Өзге

 

Барлығы

Үкімет (әкімдіктерді қосқанда):

 

 

 

1,219

 

1,219

Мем. кірістер департаменті

54,493

23,878

5

 

6,442

86,037

ЖИЫНЫ

54,493

23,878

5

1,219

6,442

86,037

 

3. Компаниялар бойынша 2019 жылғы есеп (млн теңгемен берілген)

 

Төлем түрі

 

Компания

 

КТС

 

ПҚӨС

 

Бонустар

Инфрақұрылымды жақсартуға төлемдер

 

Өзге

 

Барлығы

Қазатомөнеркәсіп ҰАК АҚ

15,226

1,414

 

155

1,699

18,494

«Инкай» БК ЖШС

10,044

3,396

5

58

1,552

15,055

«Қаратау» ЖШС

9,234

2,017

 

52

508

11,811

«Ақбастау» БК ЖШС

5,293

1,798

 

195

197

7,483

«Орталық» ӨК ЖШС

3,129

3,591

 

76

520

7,316

«Аппақ» ЖШС

1,926

1,657

 

38

221

3,842

«Казатомпром-Sauran» ЖШС

1,334

3,119

 

387

628

5,468

«Ру-6» ЖШС

671

1,699

 

103

392

2,865

«Байкен-U» ЖШС

3,198

3,016

 

39

505

6,758

«Хорасан-U» ЖШС

4,438

2,171

 

116

220

6,945

БАРЛЫҒЫ

54,493

23,878

5

1,219

6,442

86,037

 

 

Мемлекеттердің пайдасына аударымдар

Осы есеп Қазақстанның бюджетіне 2019 жыл ішінде төленген салықтар мен төлемдер сомаларының негізінде, миллион теңгемен беріліп жасалған.  Ақпарат мынадай төлем түрлері бойынша бөлініп көрсетілген:

Корпоративтік табыс салығы (КТС).

Резидент еместерден ұсталған корпоративтік табыс салығынан басқа корпоративтік табыс салығы.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС).

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін минералды шикізаттар әрбір түрі бойынша бөлек жасалатын міндетті төлемі болып табылады.

Бонустар - коммерциялық табылым бонусы, қол қойылатын бонус.

Коммерциялық табылым бонусын жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалар өндіру және (немесе) бірлескен барлау және өндіру келісімшарттарының шеңберінде пайдалы қазбалардың келісімшарттық аумақтағы әрбір коммерциялық табылымы үшін, соның ішінде кен орындарын қосымша барлауды жүргізу барысындағы табылым үшін төлейді.

Бұл төлем жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың және салық кодексінің өзгерістері шеңберінде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған.

Қол қойылатын бонусты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға жаңа құқықты алған сайын және пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлесіп барлауға, өндіруге келісімшарт жасасқан сайын, сонымен қатар келісімшарттық аумақты кеңейткен кезде төлейді.

Инфрақұрылымды жақсартуға төлемдер

Инфрақұрылымды жетілдіру үшін төлем жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттарда көзделгендей, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсалатын шығыстарды білдіреді (оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың пайдасына төлемдер).

Өзге

Басқа салықтар тарихи шығындар, әлеуметтік салық, жылжымайтын мүлік, жер және көлік салығын қамтиды, сондай-ақ пайда көлеміне әсер етпейтін қосылған құн салығы мен акциздер кірмейді.

Осы есеп  www.kazatomprom.kz сайтында жүктеуге қолжетімді.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласыңыздар:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR и PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, IR и PR департаменті директорының орынбасары

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2019 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындар жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін пайдаланады және денсаулық сақтауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға басымдық беріледі.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ  ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ  ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру