| (AIX)    USD 38.34   %0      KZT 18185   %0     

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына қатысты міндеттемелер қабылдады

22 желтоқсан 2014
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына қатысты міндеттемелер қабылдады

2014 жылғы 22 желтоқсан күні бизнестің әлеуметтік ұстанымдарын іске асыру мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы 2015-2016 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы аясындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов қолдарын қойып, бекітті.

Аталмыш келісім шеңберінде ұлттық атом компаниясы әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму, аймақ тұрғындарының әл-ауқаты деңгейі мен өмір сапасын жақсарту бойынша бірқатар міндеттемелер қабылдады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы, соның ішінде еншілес компаниялар қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғауға, қазіргілерін сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған іс-шараларға қатысатын болады.

Меморандум шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзінің балансындағы барлық әлеуметтік нысандарды – Таукент және Қыземшек кенттерінде орналасқан стационарлық 40 және 30 төсек-орны бар 2 дәрігерлік-санитарлық бөлімді, 160 және 280 орындық 2 балабақшаны, 2 мәдени-спорт орталығын, 2 қонақ үйді, филиалдардың кеңселерін, шаруашылық ауласын және «Таукент-Энергосервис» ЖШС-н Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне тапсырады. Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіп 2015-2016 жылдары осы нысандарды ұстап тұру үшін 2 млрд теңге көлемінде қаржы бөледі.

Сонымен қатар, компания екі жыл бойы аймақтағы құны 1,6 млрд теңгелік әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыратын болады.

Компания қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында уран өндіретін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорындарының кеңселері 2015 жылы Алматыдан Шымкент қаласына көшірілуі жоспарланып отыр. Еншілес және бағынышты компаниялардың кеңселері орналасатын жаңа бизнес орталығы салынады. Өндіруші компаниялар кеңселерінің өңірге қоныс аударуы дамуға қосымша серпін береді, сондай-ақ облыс тұрғындарына көп әлеуметтік қолдау жасайды.

Пікір қалдыру